Жарияланған күні: 16.10.2018 18:26
Өзгертілген күні: 16.10.2018 18:27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

 «АСТАНА-1» АЖ ендіру тауарлардың кедендік тазарту уақытын қысқартуға мүмкіндік берді

 

2015 жылғы 20 мамырдағы «100 нақты қадам Ұлттық жоспарының»  38-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде электрондық декларациялауды жүзеге асыру мақсатында Комитетпен «АСТАНА-1» АЖ кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленді және енгізілді, аталған жүйе электрондық құжаттардың пайдалана отырып, тауарлардың электрондық декларациялануына мүмкіндік береді.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларацияларды автоматтық түрде тіркеу және автоматты түрде шығару технологиясы жүзеге асырылған. Аталған жаңалық декларацияны тіркеуді, тәуекелдерді басқару жүйесімен бақылауды жүргізуді, декларанттың жеке шотынан кедендік төлемдер мен салықтар соммаларын есептен шығаруды,  сондай-ақ тауарларды шығару туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз ақпараттық жүйемен жүргізуді қарастырады.

«АСТАНА-1» АЖ көп салалы және кешенді болғандығын ескере отырып, жүйені енгізу кезең-кезеңімен іске асырылуда.

2017 жылдың 1 қазанынан бастап, «Кедендік транзит» кіші жүйесі іске қосылды, ол шекарадағы өткізу бекеттеріндегі бүкіл кедендік операциялардың орындалуын қамтамасыз етті (айқын артықшылықтардың бірі – алдын-ала ақпараттандыруды қалыптастыру мүмкіндігі, осының нәтижесінде ол болашақта тразиттік декларацияға өзгереді). Алдын-ала ақпарат түскен тауарларға қатысты Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша алдын-ала талдау жүргізіледі және сәйкесінше тауарлардың келуі кезінде бақылау аз уақытта жүргізіледі.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі қосылды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, қалған кедендік рәсімдер бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі қосылды.

«АСТАНА-1» АЖ ендіруінің келесі артықшылықтары бар:

- жүйе пайдаланушыларға тегін ұсынылады;

- кедендік декларацияны мемлекеттік кірістер органына тауарларға ілеспе құжаттардың қосымша ұсынылуынсыз беруге болады;

- тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдары болмаған жағдайда тауарларды автоматты түрде шығару.

«АСТАНА-1» АЖ ендіруінен алынған әсер:               

•        тауарлардың кедендік тазарту уақытының, тәуекелдер болмаған жағдайда, 1 минутқа дейін төмендеуі, бұл шамамен кедендік декларациялар жалпы санының 73% кедендік декларациялар, қалған 27 % бұл тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберінде тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданған шығару уақыты тәуекелдерді басқару жүйесімен берілген ұсынымдарды өткізуге тәуелді кедендік декларациялар;

•        тауарларды декларациялау кезінде СЭҚ қатысушыларының қаржы шығындарының азайту;

•        кедендік органдар мен СЭҚ қатысушылардың арасындағы тікелей қатынасты барынша азайту жолымен жемқорлықтың деңгейін азайту.

Жалпы тәжірибе автоматты режимде шығарылған тауарларға арналған декларациялардың өсуін көрсетеді, электрондық декларациялауды ендіру сонымен қатар кедендік рәсімдердің тезірек жүргізілуіне мүмкіндік жасайды, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде субъектке бағдарланған тәсілді қолдану арқылы кедендік бақылауды жүргізу барынша азайтылды.

 

Әзірленген инфографикалық материалды келесі сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/photos/a.1684335595122073/2249272931961667/?type=3&theater 
 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)