Жарияланған күні: 23.10.2018 18:37
Өзгертілген күні: 23.10.2018 18:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті астаналық полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп өткізген "Борышкер-2018" жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы нәтижелері.

 

Қазақстан Республикасының салық заннамасының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарына бюджетке түсетін салыктар мен төлемдердің толық көлемде түсімін  қамтамасыз етуіне, әлеуметтік төлемдердің аударымдары мен ұсталымдарын уақытында есептелуіне және  салық төлеушілердің салық міндетемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру міндеттері жүктелген.

Осыған байланысты, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бюджетті толықтыруға және қойылған міндеттемелерді орындауға бағытталған барлық сәйкес шараларды жүргізуде.

Бірақ, аудандық мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған шараларға қарамастан бүгінгі күнге жеке тұлғалардың меншік салықтары бойынша (мүлік, жер, көлік), үлкен қарыздар бар. Оның ішінде ең көп үлесті 73,4% -ын көлік құралының салық берешегі құрайды.

Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті елорданың әкімшілік полициясымен және аумақтың жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп 2018 жылы 19 қазанынан бастап жеке тұлғалардың берешектерін өндіріп алуға бағытталған шараларды жүргізу басталды. Өндіріп алуға бағытталған шаралардың ең тиімді түрі  – борышкердің салықты толық өтегенге дейін борышкердің автокөлік құралдарын пайдалануды шектеуді (айыппұл тұрағына орналастыру) қолдану жоспарлануда.

Шараларды әзірлеу нәтижелері бойынша 1 күнде ғана бюджетке 2,6 млн. теңге көлемінде қарыздар өтелді және борышкерлер жеке сот орындаушылардың  қосымша шығыстар сомасын өтеді.

Сонымен қатар, 25 жеке тұлғаларға 11,1 млн. теңге соманы құрайтын салықтық берешек туралы хабарламалар тапсырылды және хабарламаларды орындамаған жағдайда жауапкершілік туралы ескертілді.

Аталған іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Осылайша, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын  қолданбай, жеке сот орындаушыларға арналған қосымша шығындарды үнемдеу үшін, жеке тұлғаларға салық берешектері болған жағдайда, оны шұғыл түрде өтеу қажет екендігін назарыңызға жеткіземіз.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз  қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)