Жарияланған күні: 13.07.2018 18:52
Өзгертілген күні: 13.07.2018 18:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

Астана қаласы                                                                                                                                                    2018жылғы 13 шілде

 

Баспасөз релизі

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт бекеттерінің тұсауы кесілді

 

2018 жылдың 13 шілдесінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші Медиа орталық» қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы осыған дейін жасалған  меморандум шеңберінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт бекеттерінің тұсауы кесілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші Медиа орталықтың» Төрағасы Төлеген Байғұловпен жұмыс кездесуі барысында бірінші кезеңде, пилоттық жоба ретінде, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт бекеттерін орнату туралы шешім қабылданды.

Алдағы уақытта, осындай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекеттерін облыстар бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінде, Мемлекеттік кірістер басқармаларында, кедендік бекеттерде, яғни, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда тұсауын кесу жоспарланды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде әкімшілік тосқауылдарды жою,  мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.

Пилоттық жобаның жалғасы ретінде алдағы аптада Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт бекеттерін орнату жоспарланды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)