Жарияланған күні: 16.11.2018 17:13
Өзгертілген күні: 16.11.2018 17:15

 Астана қаласы бойынша МКД Есіл ауданы бойынша МКБ құрметті салық төлеушілері !!!

2018 жылдың 19-нан бастап 23-қарашаға дейін Салық төлеушінің кабинетіне (web-қосымшасы) құпия болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалаудың критерийлерін есептеу туралы ақпарат жіберілетін болады.

Бұл критерийлер Салық кодексінің 136-бабы шеңберінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енетін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде салық төлеушілерді санаттандыруды тестілеу үшін тесттік тәртіпте есептелген.

Есіл ауданы бойынша МКБ салық төлеушілері критерийлердің есебімен Салық төлеушінің кабинетінде таныса алады және сұрақтары болған жағдайда тіркеу арны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына, яғни  Есіл ауданы бойынша МКБ немесе pilot_syr@mgd.kz мекен-жайына жүгіне алады.