Жарияланған күні: 03.09.2018 16:55
Өзгертілген күні: 03.09.2018 18:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Астана қаласында Қазақстанның және Қытайдың

шекаралас кеден органдары басшыларының кездесуі өтті

 

2018 жылғы 28-29 тамыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралас кеден органдары басшыларының жыл сайынғы кездесуі өтті.

Кездесуде 2017 жылғы 6-8 қараша аралығында Пекин қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы шекаралас кеден органдары басшыларының кездесуінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бойынша екі кеден қызметтерінің жұмыс нәтижелері, сондай-ақ кедендік әкімшілендіру саласында одан әрі ынтымақтасу келешегі қорытындыланған болатын.

Тараптар өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және белгіленген проблемаларды шешуге оңтайлы көзқарастарды әзірлеу қажеттілігін атап, қабылданған шешімдерді орындау барысын оң бағалады.

Бүгінгі күні кедендік әкімшілендіру саласында Қазақстан мен Қытайдың екі жақты қарым-қатынасы орнықты және тұрақты күйде дамып жатқанын атап өту қажет.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс д., 11)