Жарияланған күні: 13.11.2017 12:15
Өзгертілген күні: 13.11.2017 12:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ЕО-дағы отандық өнеркәсіптің және тұтынушылардың ұлттық мүдделерін қорғаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, ЕО экспорттаушыларының сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтуға бағытталған мақсатты кедендік саясатын жүргізу.

Еуропалық Одаққа мүше елдердің кеден органдары арасындағы өзара тәжірибе алмасу кедендік тарифтік саясатты ынталандыру және ЕО-ның ұлттық экономикасын қорғау үшін кедендік бақылаудың қазіргі заманғы нысандарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, а.ж. 7-8 қараша күндері аралығында Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (алдағы уақытта - ОӘО) Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен Ұлыбритания, Грузия және Латвия Республикасының мамандарын тарту арқылы «Кеден Одағының аумағынан шығарылатын тауарлардың, кедендік бақылаудың проблемалық мәселелері. ЕО тәжірибесі» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты келесі мәселелер бойынша әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибелерін  алу:

- экспортталған тауарларды екепке алу тәртібі мен практикасы: экспортталған тауарларды кедендік рәсімдеу үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану, кедендік тексеру және оның тиімділігінің көрсеткіштері;

-  кеден бекеттерінің және кедендік рәсімдеу орындарының жұмыс режимі;

-  кеден қызметкерлерінің және кедендік рәсімдеу орындарының шамадан тыс жұмыс істеу мәселелерін құқықтық реттеу;

- қосарлы мақсаттағы тауарларды анықтаудағы ЕО және басқа мемлекеттердің тәжірибесі.

Негізгі сарапшылар ретінде Вахтанг Кордзахия – Грузияның Кіріс қызметі Кеден департаментінің Кедендік іс жүргізу бөлімінің бастығы; Довиле Куктиене – Каунас аумақтық кеденінің Кедендік іс жүргізуді қадағалау департаментінің бас инспекторы; Ричард Никсон – Хитроу әуежайының Шекара қызметінің жедел бөлімінің бастығы, сондай-ақ, орталық аппарат қызметкерлері - ҚР ҚМ МКК КБД бас сарапшылары Алмас Есенбаев, Болат Ундыбаев, Гульмира Исабекова, Айгуль Баширова баяндама жасады.

Тыңдаушылар ретінде семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері, аймақтық  мемлекеттік кіріс органдары және Ресей Федерациясының кеден қызметінің өкілдері қатысты.

Барлық қатысушыларға семинардың сәтті өткендігі туралы сертификаттар табыс етілді.

Семинардың қорытындысы бойынша сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы семинардың жақсы ұйымдастырылғанын және сарапшылырдың жоғарғы дайындық деңгейін көрсетті.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)