Жарияланған күні: 16.05.2018 16:15
Өзгертілген күні: 16.05.2018 16:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астанада «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде салықтық ынтымақтастық бойынша форумның жұмысы қорытындыланды

 

Ағымдағы жылдың 14 және 16 мамыры аралығында Астана қаласында (Қазақстан) «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде салықтық ынтымақтастық бойынша форум өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қытай Халық Республикасы Бас салық әкімшілігінің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Салықтық саясат және әкімшілендіру орталығының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) және ЭЫДҰ Салықтық әкімшіліктер форумының ұйымдастырушылығымен өтіп отыр.

Іс-шараға 49 елдің салық органдарының 252 өкілі, оның ішінде 300 басшылары мен басшыларының орынбасарлары, 4 халықаралық және өңірлік ұйымдар, 6 ғылыми академиялар, сондай-ақ бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Форум барысында тараптар форумның 5 негізгі тақырыбы бойынша пікір алмасты, атап айтқанда: «Заңның жоғарылығына сәйкес салықтандыру»; «Салық төлеушілерге арналған қызметтер»; «Дауларды реттеу»; «Потенциалды кеңейту және Ынтымақтастық».

«Белдеу және жол» бастамасының елдерінің экономикалық жағдайы мен мәдениеті әр-түрлі болғанымен, осы бес бағыт бойынша бірдей қиындықтарға тап болады. Іс-шараға қатысушылар пікір алмаса отырып, салықтық әкімшілендіру сауда мен инвестицияны ынталандыруы керек екендігіне келісті.

Қатысушылар өздерінің тәжірибесін, білімі мен ресурстарын шоғырландыруды және ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамыту үшін достық салықтық ортаны құруды жоспарлап отыр.

Делегаттар «Белдеу және жол» бастамасының елдері сындарлы ынтымақтастық пен үйлестіруді күшейтуді талап ететінін мойындады.

Осыған байланысты, атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша, олар «Салық мәселелері бойынша ынтымақтастықты жақсарту үшін «Белдеу және жолдың» бастамасы шеңберінде салықтық ынтымақтастық жөніндегі Форумға қатысушылардың юрисдикциясының Астаналық декларациясы» қабылданды.

Конференцияның басты нәтижесі «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде ұзақ мерзімді салықтық ынтымақтастыққа және құрылымдық және институционалдық форматқа көшу мүмкіндігі болып табылады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)