Жарияланған күні: 02.03.2018 14:56
Өзгертілген күні: 02.03.2018 14:57

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету»

 

Ағымдағы жылдың 26 ақпан және 02 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығымен (бұдан әрі - ОӘО) мемлекеттік кірістер Департаментінің  рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.

Курстың мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне қауіпті және тыйым салынған  заттарды “Simfox” симулятор бағдарламасы арқылы табу, дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады.

Қатысушылар “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен танысты. Негізгі курспен қатар, тыңдаушылар «Профайлинг» технологиясын оқыды және «Радиациялық бақылау», «Рентген-телевизиялық аппараттың құрылымдық үлгісі», «Сканерлерді қолдану барысындағы қауіпсіздігі» тақырыптары бойынша лекциялар тыңдады. Радиацияның негізгі ұғымдары, радиациялық және радиациялық бақылау түрлері қарастырылды. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары экспорттық бақылау шеңберінде шекарадан өту пункттерінде пайдаланылады. Жыл сайын рентгендік тексеру құрал-жабдықтарының көмегімен мыңдаған қауіпті және заңсыз заттар анықталады, және оны адамдар мақсатты түрде немесе қасақана емес бақылау пункттері арқылы тасымалдауға тырысады. Рентген аппаратты құрал-жабдығының арқасында бұл объектілерді табу ғана емес, олардың мөлшерін, формасын және орналасуын да көруге болады.

Осы курстың дәріскерлері ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның қызметкерлері  Қасымқұлова Л., Алдашев С., Ктанов Е., Айтжанов Д. болып табылды.

Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу қабілетін меңгерді.

Курс соңында оқуды тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)