Жарияланған күні: 21.01.2019 11:51
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:23

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктіндегі жағдай туралы

 

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелудің және айналымның кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы 19 қаңтарда ЕАЭО мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы 37 автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының экспорттық бақылау бойынша бөлімшесін ұйымдастырды.

Мемлекеттік кірістер органдары мынадай:

1. экспорттық бақылауға жататын (қару-жарақ, әскери техника, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнімдер, қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологиялар);

2. ҚР-дың ДКҰ-на кіруіне байланысты кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына бұдан бұрын әкелінген (тізбеден тауарлар);

3. өзара сауда шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын (импортқа ҚҚС) тауарлар бойынша мониторингі жүзеге асырады.

Бұл мониторинг ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары ұсынған жүктерге (тауарларға) арналған құжаттардың бірін сканерлеу арқылы жүргізіледі (ҚР ҚМ МКК 2018 жылғы 31 мамырдағы №221 және ҚР ҰҚК ШҚ 2018 жылғы 6 маусымдағы №405-па «ҚР ҚМ МКК мен ҚР ҰҚК ШҚ РФ-мен және Қырғыз Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» Бірлескен бұйрығы).

Мониторингті орындау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары тауарларды жете тексеруді/қарап тексеруді жүргізбейді.

Ресей Федерациясымен Батыс Қазақстан облысындағы шекарада орналасқан «Сырым» халықаралық автомобиль өткізу пунктінде автомашиналар кезегі 2019 жылғы 12 және 13 қаңтардағы ауарайының нашарлауына  (қатты бұрқасын, көк тайғақ) және Орал-Самара республикалық маңызы бар автожолының барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысының жабылуына байланысты орын алған.

«Сырым» өткізу пунктінде Қазақстан тарапында үлкен жүк автокөлік құралдары жинақталуының туындауы туралы ақпараттарға байланысты 18.01.2019 жылғы сағат 17.00 жағдай бойынша БҚО бойынша МКД ауысым қызметкерлерін 3-тен 4-ке және 1 бірлік сканерлейтін техникаға көбейтті.

18.01.2019 жылғы сағат 19.00-ден бастап 19.01.2019 жылғы сағат 07.00-ге дейінгі кезеңде 311 үлкен жүк АКҚ тіркеу және мониторинг жүргізу жүзеге асырылды.

Мониторинг кезінде тауардың ілеспе құжаттарын сканерлеу уақыты шоғырландырылған тасымалдау кезінде 3 минуттан 5 минутқа дейін уақыт алады.

20.01.2019 жылғы жағдай бойынша «Сырым» өткізу пунктінде автокөлік құралдарының жинақталуы байқалмайды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)