Жарияланған күні: 02.07.2018 18:55
Өзгертілген күні: 02.07.2018 18:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніндегі марапаттар

 

28 маусым «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз қызметтерінің қызметкерлері атап өтті.

Қазіргі әлемді ақпаратсыз елестету өте қиын.

Жыл сайын БАҚ-тың тағы бір түрі «интернеттің»  танымалдығы өсіп, бүкіл әлем бойынша ақпарат кеңістігіндегі таратылатын жаңалықтардың жедел жетуі журналисттердің жоғары кәсібилігін және жедел әрекет етуін талап етеді.

Жоғары кәсібилік, айқын азаматтық позиициясы, аудиторияға деген құрмет, болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамау, барлық жағдайларды  объективті көрсетуге құштарлық, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне, адамдардың қажеттіліктері мен наздары сезімтал көңілмен қарау байланыс және ақпарат қызметкерлерін әрдайым ерекшелендіріп тұратын.

Алайда, бүгінгі күні оқырманның, тыңдаушының, көрерменнің шексіз сенімінен шығу өте қиын. Себебі, үлкен көлемдегі ақпараттың ағымы әркіммен әр түрлі қабалданады.

Осыған қарамастан, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ашық дауыс берудің нәтижесінде ең ашық мемлекеттік орган болып танылды. «Учет.kz» порталы мемлекеттік кірістер органдарының баспасөз қызметтерінің қызметкерлерін құттықтап, жеңімпаздарға бірқатар марапаттарды:

 - «Ақпараттандыру бөлігіндегі үздік мемлекеттік орган» номинациясы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне;

- «Мемлекеттік қызметтің үздік баспасөз хатшысы» номинациясы бойынша Шәріпова Райхан Қапсалямқызына табыстады.

Сондай-ақ, МКК ұжымы жұртшылықпен және БАҚ-пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тиімді тетігін құрғаны және жетілдіргені үшін ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінің «Алғыс хатын» алды.

Өз оқырмандарымызға және БАҚ өкілдеріне еңбегіміздің бағаланғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз, сондай-ақ Комитет өз тарапынан қоғам мен БАҚ пен өзара әрекет ету бойынша жұмысын одан әрі жақсарта беретініне  сендіргіміз келеді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)