Жарияланған күні: 19.06.2018 10:48
Өзгертілген күні: 19.06.2018 10:50

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Бейнеконференц байланыс арқылы «Инфографика форматында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында қашықтықтан семинар өтті

 

2018 жылдың 13-15 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО негізінде бейнеконференц байланыс арқылы «Инфографика форматында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында қашықтықтан семинар өтті.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Тыңдаушылардың жалпы саны 37 адамды құрды.

Дәріскерлер ретінде ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ақпараттық-коммуникациялық технологиаларды дамыту басқармасының бас сарапшысы С. Исабаева және ҚР ҚМ МКК ОӘО қашықтықтан оқыту және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Л. Касымкулова қатысты.

Іс-шараның мақсаты – инфографикамен жұмыс бөлігінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Қатысушылар инфографика ұғымымен, оның түрлерімен, инфографиканың сапалы дизайн шешімін жасау бойынша әдісімен, сондай-ақ инфографиканы құруға арналған Prezi, Xmind, Canva, Piktochart, Infogram, Easel.ly, ZippyPixels сияқты құралдармен таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті,   тыңдаушылар инфографиканы құрудың өзекті мәселелерін талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

Оқу материалдары ftp://ftp.kgd.gov.kz ресурсында орналыстырылды. 

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)