Жарияланған күні: 02.07.2018 12:17
Өзгертілген күні: 02.07.2018 12:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

2018 жылдың 27-29 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО негізінде бейнеконференц байланыс арқылы «Радиациялық бақылауды жүргізу ережелері» тақырыбында қашықтықтан семинар өтті.

Семинарға тыңдаушылыр ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытының қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде ҚР ҚМ МКК ОӘО бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы Айтжанов Д.А. қатысты.

Семинардың мақсаты  -  радиациялық бақылауды жүргізу саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

         Қатысушылар радиация ұғымымен, радиациялық сәулеленунің түрлерімен, өткізу пункттерінде радиациялық бақылауды жүргізудың жалпы ережелерімен, радиациялық бақылауды жүргізу үшін жабдықтың техникалық сипаттамасымен таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті,   тыңдаушылар радиациалық бақылауды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

Оқу материалдары ftp://ftp.kgd.gov.kz ресурсында орналастырылды. 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)