Жарияланған күні: 15.07.2017 12:39
Өзгертілген күні: 15.07.2017 12:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БҚО бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің бөлім басшысы ұсталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылдың 13 шілдесінде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасы Заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Н.М. Урналиевті пара алды деген күдікпен ұстағанын хабарлайды. 

Мәліметтерге сәйкес Н.М. Урналиев ЖШС-тің негізін қалаушысынан 25 млн. теңге көлемінде параның соңғы бөлігін алған. Аталған пара жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін және ары қорғаншылық жасау үшін берілді деп жорамалдануда. Параның жалпы сомасы 101 млн. теңгені құрайды.

Күдікті Орал қаласы ІІД-нің Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Аталған мәселе бақылауға алынды, жағдайдың әрі қарай дамуы туралы қосымша хабарланатын болады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Ішкі қауіпсіздік басқармасы