Жарияланған күні: 22.02.2018 17:38
Өзгертілген күні: 22.02.2018 17:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Бүгін а.ж. 22 ақпанында Мемлекеттік кірістер комитетінде Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы брифинг өткізілді.

Брифинг барысында, Мемлекеттік кірістер Комитетінің Мамандандырылған баскарма басшысының орынбасары Ш. Садықов жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша негізгі өзгерістер туралы айтып берді.

Жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде ең алдымен мемлекет Басшысының тапсырмаларын басшылыққа алдық, оған сәйкес экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін мұнай-газ және тау-кен-металлургия кешендерінің стратегиялық маңызын сақтап, пайдалы қазбалар қорларының геологиялық өсімін жеткілікті қамтамасыз ету мақсатында геологиялық барлауды белсенді жүргізу керек.

Осылайша, жаңа Салық кодексімен жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық климатты жақсартатын бірқатар шаралар қарастырылған:

  • «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сейкес лицензия алған жер қойнауын пайдаланушылар үшін тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді алу, тау-кен секторы үшін үстеме пайда салығын алу, коммерциялық табу бонусын алып тастау.

  • қалайы және жер асты сулары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығына төмендетілген мөлшерлемелер;

  • жер қойнауын пайдалануға балама салық енгізілді.

Жер қойнауын пайдалану үшін балама салық көмірсутек шикізатының теңіз және аса терең кен орындарын ынталандыру мақсатында енгізілді және қосымша болып табылмайды, өйткені өзімен жер қойнауын пайдаланушының салығын және арнайы төлемдерінің реті бойынша  өзінің салықтық міндеттерін баламалы тәсілмен жер қойнауын пайдаланушының мүмкіндігін білдіреді. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты енгізу жолымен салықтық жүктеме табысты алған кезге көшіріледі, сонымен ол жер қойнауын пайдаланушыларды инвестициялардың көлемін ұлғайтуға ынталандырады.

Сондай-ақ, қосымша ынталандырулар ретінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін корпоративтік табыс салығын есептеу механизміне бірқатар түзетулер енгізілді:

  • КСШ бойынша жер қойнауын пайдаланушыға амортизацияланған активтердің топтарынан құралатын шегерімдерге жатқызу жолымен бірақ 25% жоғары емес КСШ өндіруге келісімшарттардың табыстарының есебінен барлауға кеткен шығындарды 2018ж. 1 қаңтарынан бастап өтеуіне құқық берілді. Норма тек өндіруге және барлауға келісімшарттар бір мезгілде болған кезде әрекет ететін болады.

  • барлауға арналған келісімшарттан өндіруге арналған келісімшартқа аумақтық келісімшарттың бөлігін бөлу кезінде шығындарды аудару тәртібі реттенген;

Мұнайды экспортқа іске асыру кезінде, егер іске асыру күніне мұнайдың дүниежүзілік бағасы өндірістік құнынан төмен болса, кіріс іске асырудың нақты бағасы бойынша анықталатын болады.

Егер шикі газ мемлекеттің артықшылық құқығы шегінде ұлттық оператормен сатып алынатын болса, онда кіріс іске асырудың нақты бағасы бойынша анықталады, яғни бекітілген бағаға қарамайды.

Салықтарды және төмендетілген мөлшерлемені жоюдан басқа «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің шегінде барлауды тезірек аяқтауда жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандыру мақсатымен жалға беру төлемі енгізіледі, ол Жаңа салық кодексінде жер участкілерін қолданғаны үшін төлем ретінде қарастырылған.

Барлау кезеңінен өндіру кезеңіне тез көшіруді ынталандыру мақсатында айлық есептік көрсеткіште айқындалған (АЕК) төлемдер мөлшерлемесінің прогрессивті шкаласы қарастырылған (15 тен 60 дейін) олар барлау үшін лицензияның әрекет ету мерзімінің жыл санына байланысты қолданылады. Өндіру үшін лицензиялар бойынша тіркелген мөлшерлеме – 450 АЕК.

Баяндалған жаңашылдықпен қатар, Жаңа салық кодексіне «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен бірге түйіндескен де, өткен жылдардың құқық қолдану парактикасымен де бірқатар өзгерістер енгізілді. 

 Осылайша, блоктарға бөлінген пайдалы қазбалар участкілеріне және лицензиялар үшін қол қойынған бонустың жаңа мөлшерлемелері бекітілді. Үстеме пайда салығын есептеу тәртібі айтарлықтай қарастырылды. Кең таралған пайдалы қазбалардың тізімі көкейтесті етілген және пайдалы қазбаларды өндіру салығымен салық салу обьктісі өзгерген, олар бойынша – салық, өндірілген пайдалы қазбалардың көлемінен алынатын болады, көлемнің бірлігі үшін  мөлшерлемелер  АЕК ретінде көрсетілген. Көмірді экспорттау үшін рента салығының мөлшерлемесі 2,1% дан  4,7% ұлғайған (қатты пайдалы қазбалар бойынша үстеме табыс салығын жоюға байланысты салықтық жүктеме ішінара ауыстырылды), шет ел валютасында жасалған баррелизацияның және операциялардың коэффицентін қолдануға байланысты даулы мәселелер жойылды.

        

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)