Жарияланған күні: 27.03.2018 18:12
Өзгертілген күні: 27.03.2018 18:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Саудада қолма-қол есеп айырысуды қысқарту» бастамасын жүзеге асыру аясында «Шапағат» коммуналдық базары базасында «Заманауи форматтағы сауда базары» пилоттық жобасы басталды.

Берілген пилоттың мақсаты салықтардың жиналуын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

«Шапағат» базарында салық бойынша кеңестік қызмет көрсету, сонымен қатар салықтық декларацияны жасау, терминал арқылы салықты төлеу бойынша қызмет көрсету пункті құрылды.

Бүгінгі күнде рыноктағы 371 сауда орны мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасына онлайн чектер деректемелерін беретін POS-терминалдармен, бақылау-кассалық машиналарымен жабдықталған.

2016 жылы нарықтардың саны 758 бірлікті құрады. Сауда алаңдарының жалпы ауданы 6 554 966 шаршы метрді құрайды, оның ішінде ашық нарық 4 347 259 шаршы метрді құрайды (66,3 пайыз). Жыл сайын сауда орындарының саны артып, 2016 жылы олардың саны 192 531-ге жетті. Сауда нарығының аумағында 121 401 шаруашылық субъектісі бар. Бұл кәсіпкерлік субъектілері 2016 жылға 1 160,4 млрд.теңге түсім, 107,4 млрд. теңге салық төлемдерін әкелді.

Бүгін, а.ж. 27 наурызында алдағы уақытта азаматтық бақылау формасын жетілдірумен, тұрақты негізде өткізілетін  «Картамен төле, чекті талап ет – Елорданың дамуына сенің үлесің» акциясы басталды.

Бұл рейдтік тексерулерді алып тастауға әкеледі, ал салықтық бақылау фискалды чек негізінде қашықтықтан жүргізілетін болады.

Бақылау-кассалық машиналарын қолданатын бизнес субъектілері категориясының кеңеуімен, «Шапағат» коммуналдық базары үлгілі базар атанады.

Бұл қашықтықтан салықтық бақылау тәжірибесі болашақта еліміздің басқа да сауда базарларына таралады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)