Жарияланған күні: 29.03.2018 17:47
Өзгертілген күні: 29.03.2018 17:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Халықаралық салық салу жөніндегі негізгі өзгерістер

 

Бүгін а.ж. 29 наурызында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Резидент еместерге салық салу» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифинг барысында, Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібін жеңілдету үшін,  01.01.2018 жылдан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде кейбір көзделген өзгерістері туралы айтылды. Жаңа Салық кодексінің ережелеріне сәйкес резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті салық органы  он күнтізбелік күн ішінде қарастырады. Шет мемлекеттің құзыретті органы белгілеген нысан бойынша резиденттігін растау мүмкіндігі көзделгенСондай-ақ, Анықтама мынадай күндерден барынша кешіктірілмей: 

салықтық өтініш берілген күннен;

бейрезиденттің есебіне жазылған және салық төлеуге жататын кірістерінің сомалары көрсетілген салықтық есептіліктің тиісті нысанын бейрезидент-салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап он күнтізбелік күннен барынша кешіктірілмей беріледі.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжат қойылатын талаптарын жаңа Салық кодексі жан-жақты баяндайдап мынадай түрлері:

1) бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқада ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға тиіс;

2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін құжат түпнұсқасының нотариат куәландырған көшірмесі түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға тиіс;

3) шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, бейрезиденттің резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады.

Жаңа Салық кодексі жер қойнауын пайдаланушылар үшін төлем көзінен корпоративтік табыс салығы бойынша дивидендтерді босату туралы шартқа бірқатар өзгертулер енгізді. Сонымен дивидендтер төлейтін резидент болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға дивидендтер есепке жазылған айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асырады деген шарттар орындалған кезде төлейтін дивидендтер салықтан босатылады. Бұл ретте, дивидендтер төлем көзінен корпоративтік табыс салығынан босатуды қолдану мақсаттары үшін мұндай өзгерістер минералдық шикізатты өңдеу пайыз шекті мәннен ұлғайтуды көздейді .

Қайта өңдеу үшін (төменде көрсетілген кезең) өндірілген минералдық шикізаттың үлесі кем болмауға тиіс:

1) 40% (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін)                       

2) 50% (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап  2022 жылғы 1 қаңтарға дейін)

3) 70% (1 қаңтар 2022).

Жаңа Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша бейрезидент жеке тұлғаларға төленетін сыйақылар жеңілдігі алып тасталынды ( тш.1) т.1 б.200-1 10.12.2008 жылғы Салық Кодексі)

Жаңа Салық кодексінде табысты түпкілікті алушы қолдану тұжырымдамасы қеңейтілді. Салық агентінің бейрезиденттің кірісін шегерімге жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы және халықаралық шарт жасалған ел резиденті болып табылатын болса, салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

Сонымен кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) кірістерді алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес  Салық органы бейрезиденттің ұсынылған өтінішін оны бейрезидент ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.

Сондай-ақ, бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын аудару тәртібіне өзгерістер енгізілді:    

1)  салық агенті көзделген резидент еместің табыстарынан табыс салығын дербес халықаралық шарт арқылы  төмендеткен немесе босатпаған жағдайда, ұсталған салықтың шартты банк салымына аудару тәртібі алынып тасталды.

2) салық органында тіркелген резидент емеске ашылған банктік салымдар туралы шарттарға қатысты 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған салығын қайтару тәртібі 2018 жылға дейін сақталады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)