Жарияланған күні: 05.07.2018 17:37
Өзгертілген күні: 05.07.2018 17:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ел басының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үдерісін барынша оңтайландыру, соның ішінде бизнес үшін мерзімдерді және құжататр тізімін қысқарту, қайталанатын үдерістерді жою және оларды толықтай электронды нысанға көшіру тапсырылды. 

Мемлекеттік кірістер органдарымен 48 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, оның ішінде 29 қызмет салықтық және 19 қызмет кедендік бағыттағы. Сонымен қатар, 48 қызметтің ішінде 32 қызмет немесе 67% электронды түрде,  16 қызмет немесе 33% қағаз түрінде көрсетілетіндігін атап айтқан жөн.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолайлы жағдайларды жасауға, олардың барлық тұрғындарға және бизнеске қол жетімділігіне көп көңіл бөлінуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мақсаттарға қол жеткізу үшін, қызметті алушыларға бағытталған салық төлеушілерге қызмет көрсету тәсілін өзгертудің басты міндеттерінің бірі болып көрсетілетін қызметті алушылардың уақыт шығындарын азайту табылады.

Осыған байланысты, 2011 жылдан бастап кезекті электронды басқару жүйесін (КЭБЖ) орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 63 ірі мемлекеттік кірістер басқармаларының орталықтарында және барлық КРО орналастырылды.

Бұдан басқа, Комитетпен қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

Мысалы:

1.      «Дара кәсіпкерлерді тіркеу есебіне қою» қызметі  бойынша 2016 жылы мемлекеттік тіркеу алымын төлеу алынып тасталды, қолайлы болу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілді. Ары қарай, 2017 жылы  дара кәсіпкерлерді тіркеу хабарламалық тәртіпке көшірілді.

2.      сонымен қатар «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіде» хабарламалық тәртіпке көшті.

3.      «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» - 2016 жылғы 1 сәуірден бастап куәлік нысаны электронды түрге көшірілді;

- қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

2017 жылы 1 мамырдан осы қызметті көрсету үдерісі оңайлатылды:

- қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

- құжаттар тізімі 4-ден 1-қа дейін қысқартылды;

- мемлекеттік қызмет электронды түрге көшірілді;

- мемлекеттік қызметті заңды тұлға-резидент ретінде әділет органдарында тіркелу кезінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу өтінішінде «ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу» белгісін қою арқылы алуға болады.

Алайда, Комитет жеткен жетістіктерге тоқталмай келесі жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда:

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен 4 қызметті алып тастау;

2. көрсетілетін 15 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімдері және ұсынылатын құжаттар тізі қысқартылады;

 3. Сонымен қатар, ВАК отырысына 17 кедендік бағыттағы қызметтерды шығару жоспарлануда. Қызмет көрсетудің ұқсастығына байланысты 3 қызмет біріктіріледі, 8 қызмет бойынша қағаз жеткізгішті жою арқылы құжаттарды қосусыз толық электронды түрге көшіру, 5 қызмет бойынша ұсынылатын құжаттар тізілімін қысқарту және мәліметтерді толтыру жолдарының санын қысқарту көзделуде.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)