Жарияланған күні: 28.12.2016 16:41
Өзгертілген күні: 28.12.2016 17:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 Жеңімпаз өз автомобиліне ие болды

 

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ведомства төрағасы Ардақ Теңгебаев «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясының жеңімпазы Равиль Хайрулинге автомобильдің кілтін тапсырды.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 23 желтоқсанда Мемлекеттік кірістер комитетінде «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясы бойынша бас финал өтті. Онда Петропавловск қаласының тұрғыны Равиль Хайрулиннің 2016 жылғы 22 қазанда жіберген чегі жеңімпаз болды.

Хайрулин Равиль Миниахметович Солтүстік Казақстан облысындағы «Қазақтелеком» АҚ-да жетекші логистик болып қызмет етеді.

Бүгін ол жұбайымен Петропавл қаласынан, «Атамекен» ҰКП бизнес қауымдастығы атынан ұсынылған, өз ұтысын, яғни Chevrolet маркалы автокөлікті алып кетуге келді.

Равиль 596 теңге көлеміндегі чек оған шын мәнінде бақытты болғаны және  акцияға қатысуы мен  жеңіске жетуі жайлы мәліметтермен бөлісті.

Равильдің айтуы бойынша, ол бұл акцияға ең басынан қатысты. Бұл «Wipon» қолданбасында сақталатын, түбіртектерді жіберу тарихымен расталады. Ең бірінші түбіртекті 2016 жылдың 4 қазанында жіберген. Акция аяқталған уақытқа дейін, 89 түбіртек жіберуді үлгерген.

Жеңісті чекті қызы 596 теңгеге шұжық алған кезде ие болған.

Ардақ Мырзабаев автокөліктің кілтін тапсыра отырып, Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес бақылау сұрақтарын атқаруында белсенді азаматтығы үшін Равиль Хайрулин құттықтады.

Р. Хайруллин өз кезегінде  МКК мен «Атамекен» ҰКП  басшылығын ауқымды және халық үшін маңызды акцияны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

«Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясын МКК мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізген болатын.

27 мыңдай қазақстандық акцияға қатысып, «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына 1,5 млн. аса фискалды чек жіберген.

Азаматтар өздерінің белсенді әрекеті арқылы салықтық заңнаманың орындалуына қоғамдық бақылау жасау мүмкіндігіне ие болды.

МКК Төрағасы Ардақ Теңгебаев соңғы жылдары Комитет көлеңкелі экономикамен күреске азаматтарды кеңінен тартып жатқандығы, яғни қоғамдық бақылауға жағдай жасалып жатқандығы туралы айтты.

Акция өткен екі жарым ай ішінде республика бойынша 120-дан аса құнды жүлде ұтысқа салынды, оның ішінде тұрмыстық және оргтехника, байланыс құралдары мен ыдыс-аяқ бар. Чектердің ең көп санын Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары жіберген.

«Атамекен» ҰКП ұсынған автомобильдің ұтысына 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында келіп түскен барлық чектер қатысты.

Жеңімпазды анықтау үшін кез-келген чекті таңдайтын арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылды.

Ұтыс барынша ашық және объективті өткізілді. Оны жұртшылық, бизнес қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия бақылады.

Аталмыш акция екінші жыл өткізіліп отыр. Ол келесі жылы да өз жалғасын табатын болады.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)