Жарияланған күні: 16.11.2018 17:14
Өзгертілген күні: 16.11.2018 17:17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік аудиті» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізілді

 

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 13-15 қараша аралығында бейнеконференц байланысы арқылы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік аудиті» тақырыбында қашықтықтан семинарды өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті құрастыруға арналған принциптерін, негіздерін, реті мен  ережелерін оқыту.

         Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

         Дәріскерлер ретінде:

         - Болдурукова Ляззат Жанузаковна – «Финансовая академия» АҚ бас маманы, халықаралық қаржылық есептілік дипломының иегері, Қазақстан Республикасының кәсіпқой бухгалтері, ҚСҚЕХҮ бойынша куәландырылған маман, экономика және бизнес магистрі;

          -  Феденкова Татьяна Михайловна – халықаралық куәландырылған тәжірибелі бухгалтер, Қазақстан Республикасының кәсіпқой бухгалтері, Ресей кәсіпқой бухгалтері, Қаржы менеджерлер институтының халықаралық ішкі аудиторы, салық консультанты қатысты.

           Қатысушылар қоғамдық сектордағы қаржы есептілігі халықаралық үлгісінің принциптері мен мақсаттарымен, бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктерімен, бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептер шоттарының жоспарымен, сондай-ақ қаржылық есептілік аудитінің негізгі тұрғыларымен (қаржылық есептілік аудитін жоспарлау, өткізу, нәтижесін дайындау) танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарлама шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)