Жарияланған күні: 21.06.2017 12:19
Өзгертілген күні: 21.06.2017 12:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

         2017 жылдың  22 маусымында  Алматы қ. «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің кедендік қызмет Біріккен коллегиясының 23-отырысы өтеді.

         Мақсаты: Өзара тиімді және барынша қолайлы бірқатар шешімдер қабылдау, Кеден Одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың ерекше категориясын кіргізу кезінде кедендік баждан босатуды қолдану тәртібіне өзгерістер енгізу сұрақтары қаралады, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бойынша бірқатар шешімдер қабылдау, сонымен қатар Тараптар  кедендік бақылау акцентін кедендік декларациялау  және тауар шығару сатысынан 2015-2020 жылдарға Кеден одағына мүше-мемлекеттердің тауарларды шығару сатысына ауыстыру қағидаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстардың Негізгі бағыттарының атқарылуы жөнінде іс-шаралар Жобасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етеді.

         Сонымен қатар, бірыңғай транзиттік жүйені және Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше-мемлекеттердің тауарларының транзиті кезінде бірыңғай кепілдікті механизмді қалыптастыру аясында, кедендік транзит бойынша кепілдікті жүзеге асыратын  ЖШС  «КазТранзитСервис» Ұлттық кепіл беруші компаниясы», ҚР ҚМ МКК Автоматтандырылған кедендік және салықтық әкімшілендіру АЖ «АСТАНА-1» өз қызметін жария етеді. Негізгі қарастырылатын мәселелер мыналар:

-электрондық декларациялау жүйесін енгізу;

-экспорттық-импорттық операциялар үшін қағазсыз жүйе;

-тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесі;

-бірыңғай  дербес шот;

-салықтық және кедендік аудит.

         Жиналыс 2017 жылдың 22 маусымында сағат 10:30 да өтеді. Кіру тегін. Осы іс-шараға қатысқандарыңыз үшін риза болар едік.

 

Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің кедендік қызметінің Біріккен коллегиясының 23-отырысының өткізілу

Бағдарламасы

Алматы қ., 20 – 23 маусым 2017 жыл)

22 маусым 2017 жыл, бейсенбі

10.00 – 10.30

Делегациялармен қызметтік кездесу

10.30 – 10.50

Кофе-брейк

11.00 – 12.00

Кеден Одағына мүше-мемлекеттердің кедендік қызметінің Біріккен коллегиясының 23-отырысы

12.00 – 12.10

Ресми суретке түсіру

12.10 – 12.30

БАҚ-пен сұхбат

БАҚ-ы үшін брифингта спикерлер   –Теңгебаев А.М., Әмрин Ғ.К., Ресейден, Беларусьтан, Армениядан, Қырғызстаннан, ЕЭК-тен қонақтар және өзге де ҚР мем.орг.

БАҚ-ты аккредитациялау мына номер бойынша жүргізіледі: +7 7272 67 69 97, +7 708 846 23 46 және электронды адрес бойынша: unar_4_6001@taxgalmaty.mgd.kz   осы жылдың 21 маусымы 21:00 сағатқа дейін.

Брифингтің өткізілу орны: Алматы қ,  «Royal Tulip Almaty» қонақ үйі, Оспанов көш., 401/2.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)