Жарияланған күні: 01.03.2018 18:46
Өзгертілген күні: 01.03.2018 18:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша бұқаралық тыңдау өткізу туралы

 

2018 жылдың 2 наурызында сағат 14.50-де «Министрліктер үйі» ғимаратында (Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша бұқаралық тыңдау өткзіледі.

Спикерлер:

Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

Такиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.

Уалиева Айгуль Бекишевна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оңалту және банкроттық басқармасының басшысы.

Тлеулин Ільяс Сайлауұлы – «АРЛАН» төлемге қабілетсіз борышкерлерінің кәсіби басқарушылары» қоғамдық бірлестігінің директоры.

БАҚ-ты Аккредиттеу: +7 (7172) 70-99-22, 70-99-48, 8-701-358-31-97 телефондары бойынша және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz  электрондық мекен-жайлары бойынша 1 наурыз сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.

Өтетін орны: Астана қ. Жеңіс даңғылы,11, конференц-залы, 4 қабат (404А каб.)

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)