Жарияланған күні: 10.04.2018 11:10
Өзгертілген күні: 10.04.2018 11:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, 2018 жылдың 11 сәуірінде «Тері бұйымдарын таңбалау» бойынша  Пресс-рейд және брифинг өткізілетінін хабарлайды. 

Таңбалаудың мақсаты болып:

1) тұтынушы үшін - сатып алынған өнім туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру, контрафактілі өнімнен қорғау;

2) кәсіпкерлер үшін - бәсекеге қабілетті іскерлік шарттарды теңестіру, нарықтың заңсыз өнімдерден қорғалуы және зияткерлік меншік құқықтарының сақталуы;

3) мемлекет үшін - көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және бюджетке салық түсімінің артуы.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер импортталатын немесе шығарылатын 4303 СЭҚ ТН тауар позицияларына сәйкес жіктелген күзен, саз қамшаты, түлкі, қоян, жанат, қой терісі және басқалардан жасалған киім элементтері таңбалауға жатады.

Жеке тұлғалар үшін жеке тұлғалармен әкелінетін кеудеге арналған бұйымдар бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалануға жатпайды.   

БАҚ-ты Аккредиттеу: +7 (7172) 70-99-22, 70-99-48, 8-701-358-31-97 телефондары бойынша және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz  электрондық мекен-жайлары бойынша 10 сәуір сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.

Өтетін орны: Астана қ., «Ажар» сауда ортылығы, Тұрысов Қ. көшесі (Астана Mall СО жаныңда ), БАҚ-ң жиналуы сағат 15.00.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)