Жарияланған күні: 16.01.2017 14:34
Өзгертілген күні: 16.01.2017 14:36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Дара кәсіпкер ретінде тіркеу» мемлекеттік қызметі хабарлама тәртібіне көшірілді

 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама тәртібіне ауыстырылды, соған сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін, мемлекеттік кірістер органына дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама береді.

Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны                      2-жолмен:

  1. Е-License Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталы арқылы – электронды түрде жіберуге;
  2. немесе Қызмет көрсету орталықтары арқылы – қағаз тасығышта келу жолымен беруге болады.

Бұл ретте рұқсат беру құжаттарын қысқарту мәселесі бойынша Заңымен дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы Куәліктің ұғымын анықтайтын Кәсіпкерлік кодекстің 37-бабы толықтай алынып тасталынды.

Сонымен, мемлекеттік кірістер органдарымен дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуден өткен фактісін растайтын құжатты беру,  туралы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының нормаларымен көзделмеген.

Дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін, ҚР ҚМ МКК электрондық сервисінде орналасқан «салық төлеушілерді іздеу» немесе салық төлеушілер кабинеті сайтынан қарауға мүмкіндік бар.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)