Жарияланған күні: 07.12.2018 16:46
Өзгертілген күні: 07.12.2018 16:47

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

«ЕАЭО кеден шекарасындағы біріктірілген бақылау» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізілді

2018 жылдың 5-7  желтоқсаны аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «ЕАЭО кеден шекарасындағы біріктірілген бақылау» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты - біріктірілген бақылау саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытынан қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды тұлғалары қатысты.

Қатысушылар көліктік бақылауды жүзеге асыру ережелерімен, халықаралық қатынастағы көлік тасымалының рұқсат жүйесінің талаптарымен, автомобиль көлік құралдарының өлшем және габариттік параметрлерінің сақталу ережелерімен, «Көліктік деректер базасы» ақпараттық талдау жүйесіндегі жұмыспен, ЕАЭО кедендік шекарасында санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру тәртібімен таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттырғаны туралы сертификаттар жіберілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)