Жарияланған күні: 24.07.2018 17:01
Өзгертілген күні: 24.07.2018 17:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Электрондық казино, ойын автоматтары, букмекер кеңселері, тотализаторлар: аталған қызмет түрлері Қазақстанда заңды түрде жүзеге асырылып отыр ма – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіреді

 

Ойын бизнесі - құмар ойындар және (немесе) ставкаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту - Қазақстан экономикасының тиімді қызмет салаларының бірі және сонымен бірге, ол қылмыстың әсеріне ұшыраған кәсіпкерлік қызмет салаларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында ойын бизнесін реттейтін арнайы заң 2007 жылы пайда болды. Осы нормативтік құқықтық актіге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеудің негіздері анықталды және азаматтардың моральдық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында осы қызметті жүзеге асыру бойынша шектеулер белгіленді.

Мысалы, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері іске асырылады:

1) казино;

2) ойын автоматтар залы;

3) букмекер кеңсесі;

4) тотализатор.

Сонымен бірге, Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдары, жергілікті атқарушы органдарымен анықталған аумағы шегінде Ақмола облысының Шортанды ауданында және Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағасында орналастыруына жатады. Оларды басқа жерлерде ашуы заңсыз болып танылады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казино мен электрондық казино әрекетін іске асыруға тыйым салынады.

Казиноның электрондық казинодан ерекшелігі, табысты алуын көздейтін және электрондық ақша мен (немесе) Интернет желісі арқылы нақты уақыты режиміндегі құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндіктерін іске асыратын, интернет-ресурс пен (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдануында жасалынған.

Интернет-казино – бұл табысты алуын көздейтін және электрондық ақша мен (немесе) Интернет желісі арқылы нақты уақыты режиміндегі құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндіктерін іске асыратын  интернет-ресурс.

Қазіргі уақытта ойын бизнесі қоғам үшін елеулі қаупі бар екендігін атап өкен жөн, ал оны реттеу бойынша қабылданған құқықтық шаралары осы әрекеттің зиянды әсерінен қоғамды қорғауға жеткіліксіз болып отыр.

Сонымен бірге, жария бизнесімен ойын автоматтары мен электрондық казино әрекеттерін іске асыра бастады.

Құмар ойындарын заңсыз ұйымдастыру мен өткізу қоғамда адамгершілікті қамтамасыз ететін ережелерді бұзумен ғана ұштаспайды, ол сондай-ақ адамдардың денсаулығына зақым келтіреді.

Заңсыз ойын мекемелерінің сандарының қарқынды өсуі «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге қажеттілігін туындатты.

2017 жылдан бастап ҚР мәдениет пен спорт министрлігімен «Ойын бизнесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заңының жобасын әзірлеуі басталды, ол келесіні көздейді:

- Алматы облысында өзіне енгізетін, рұқсат етілетін ойын аймақтарының тізімі кеңейтілді: Қапшағай су қоймасының жағасы және Талғар ауданының Ақбұлақ ауылы, Маңғыстау облысы, Ақмола облысының Шортанды ауданы, «Хоргос» шекаралық қызметтестігінің Халықаралық орталығымен шекарасында;

- ойын мекемелерінде көрсетілуге жататын оқиғалардың түрлері анықталды, яғни:

букмекерлік кеңсесіне алдағы нақты спорттық оқиғаларына ғана бәстер қабылданады;

ал тотализаторда ипподромда тек қана алдағы нақты ат-спорттық ойындарына қабылданады;

- бәстер мен құмар ойындарында қатысудың өзіндік шектеулері механизмін жүргізу. Жеке тұлға өз бетінше жазбаша өтінішті беруі жолымен алты айдан бастап мерзімімен бәс немесе құмар ойындарында қатысуында өзін шектей алады;

- лотереялар мен басқа да құмар ойындарын өткізу нәтижелері, сонымен бірге биржалық тауарлар немесе құнды қағаздарының кодтарын өзгерту, ұлттық валютасына шетел валютасының курсын өзгертуінен шығысы байланысты болатын не оқиғалардың тікелей көрсетілуінен басқа кез-келген көзбен шолуы және/немесе жабдықтарды қолдану жолымен анықталатын (механикалық, электрлік, электрондық немесе басқа да техникалық жабдықтары) немесе компьютерлік жүйелерімен тудырылған оқиғаларына бәсті жасасуына тыйым салынуы;

- тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуына ынталандыратынына бағытталған (сары-жасыл терминалдар), сыйақыларды ұтысқа салуы түрімен бәс және (немесе) құмар ойындарын ұйымдастыруына және өткізуіне тыйым салынуы.

Сонымен бірге ол бойынша төлеу және жеңу туралы ақпараттың есебі және сақтауы, алуы, бәсіне мөлшерлерінің есебі мен тіркеуін қамтамасыз ететін мөлшерінің есебі орталығын жүргізуі ұсынылады.

Осыдан басқа, сот-тергеу тәжірибесінің талдауына сүйенсек, Қылмыстық кодексінде (әрі қарай - ҚР ҚК) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (әрі қарай – ҚР ӘҚК) заңсыз лотереяны өткізуі және ұйымдастыруы үшін жауапкершілік көзделмеген.

Бүгінгі күнде лотереялық әрекетін іске асыруы рұқсаттамалар мен ескертулер туралы заңнамасымен реттелмейді және лицензиялық қызмет болып табылмайды.

Осымен бірге, электрондық терминалдар арқылы іске асырылатын әрекетінен табысын, интернет ресурстарына қол жетімділік болған кезде (логин және құпиялы сөз) ғана белгілеуге болады, олар арқылы терминалдар қашықтықтан басқарылады.

Осымен байланысты, Комитетпен осы әрекет үшін жауаптылықты көздейтін, ҚР Қылмыстық кодексіндегі қосымша бапты енгізу ұсынылған.

Қолданыстағы Заңның нормаларынан айналып өту мақсатында компьютерлік клубтар, тотализаторлар, букмекерлік кеңселер, лотереялық билеттерін сатуы бойынша жариялы әрекеті түріне келтіріп құмар ойындарын іске асыру үшін әртүрлі схемалар енгізіледі.

Яғни құмар ойындар желісі ойын аймағынан тыс ойын жабдықтарын қолдануымен, не ҚР аумағынан тыс тіркелген сайттарында интернет арқылы қызметтерді ұсынуымен ұйымдастырылады және өткізіледі.

Электрондық казиноны өткізу Заңмен Республиканың барлық аумағында тыйым салынған. Бірақ, осы тыйым салуды бұзуында, осындай деректер анықталады. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, құмар ойын интернет ресурсы арқылы электрондық казиноны ұйымдастыруды, әкімшілік құқықтары бар тұлғалар ғана ақпараттық технологияларды әзірлеп отырған.

Ойын бизнесі саласында әрекетін заңсыз ұйымдастыруы үшін жауапкершілік ҚР ҚК 307-бабымен көзделген.

«Ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру».

Ойын мекемесін заңсыз ашу – бұл ойын мекемесін ашу тәртібін реттейтін заңнаманы бұзуы (лицензияның болмауы, тыйым салынған жерлерде жүзеге асыру). Бұл ретте ойын мекемесінің қызметі үшін қажетті басқа да әрекеттерін және ойын мекемесі қызметкерлері, бөлмелер таңдалынып алынады.

Заңсыз ойын мекемесін жүргізу деп тұрғын-жайды жалға алу, басқа да шығындарды төлеу, электрэнергиясын пайдалануы үшін шығындарын төлеу, жұмысшылардың еңбекақысын төлеу жолымен оның әрекеттерін қамтамасыз етуі түсіндіріледі. Ойын мекемесін жүргізу, егер де ол заңсыз ашылса, құрылтай құжаттарынсыз әрекет етсе, рұқсаттамалар немесе лицензиясыз әрекет етсе, ойын бизнесі саласындағы әрекетінің тыйым салынған түрлерімен айналысса және т.б., заңсыз деп танылады.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін тұрғын-жайды ұсыну және жанама заңсыз ойын мекемесін ашу үшін тұрғын-жайды ұсыну жалға беруді қоса алғанда кез-келген шартпен уақытша пайдалануға тапсыруды білдіреді. Тұрғын-жай деп, тұрған-жай немесе құрылысты түсінуге болады, оның ішінде: жеке немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйі, оларға тікелей тиесілі дәліз, терраса, галерея, балкондар, тұрғын құрылымының жертөлесі.

Сондай-ақ, құмар ойынның ойыншылары да оларда қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады және кінәлі деп танылады (ҚР ӘҚК 444-б.).

ҚР аумағында заңсыз ойын бизнесін анықтау тәжірибесі әртүрлі екендігін атап өткен жөн.

Мысалға, егер де БҚО және Астана қ. бойынша МКД жалған лотереялық терминалдар бойынша қылмыстық істерін ашуда жетістікке жетсе, ОҚО, Қызылорда, Алматы қ., Атырау қ., Алматы облысы бойынша МКД электрондық казиноны ұйымдастыруын анықтау тәжірибесі жақсартылған.

Ірі букмекерлік кеңселердің бас офистері Астана және Алматы қалаларында орналасқан, республиканың барлық аумағы бойынша филиалдары барын есепке ала отырып, жаппай жедел-іздестіру іс-шараларын өткізеді, өйткені ақпараттық серверлері ойын мекемелерінің орталық офистерінде орналасқан.

 

Сонымен бірге ҚР ҚК 307-бабы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін тұрғын-жайды ұсынғаны үшін жалға берушілердің жауапкершілігін көздейді.

Осыған байланысты, МКК ЭТҚ аумақтық бөлімшелерімен қылмыстық жауапкершілік туралы сауда жайларының иелеріне ескертулер беріліп отырады.

Барлығына белгілі болғандай, заңсыз ойын бизнесі мол қылмыстық табыс әкеледі және сондықтан оларды ұйымдастырған тұлғалары жағынан криминалдық әрекетінің осы түріне қайтуы және қайтып келуі мүмкін.

Сондықтан МКК ЭТҚ аумақтық бөлімшелері ойын бизнесі саласында бұрын да әрекетін іске асырған және осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған тұлғаларға картотекаларды жүргізеді.

Ақпараттық технологиялар (интернет) адам өмірінің ажыратылмас бөлігі болды және мемлекеттік басқару мен экономикада үлкен рөлге ие  – онлайн мемлекеттік қызмет көрсетулер, бизнес-процесстер, сатып алудың тендерлік жүйелері және т.б.

Ақпараттық технологияларын дамытуы бір орнында тұрмағанын есепке ала отырып, қылмыскерлер сонымен бірге өзінің қылмыстық әрекеттерін жетілдіріп келеді.

Қылмыстарды ашуда жетістіктерге жетуде халықаралық тәжірибені зерттеу маңызды  болып табылады. Осы үшін ЭТҚ бастамасымен КСОНР щеңберінде заңсыз ойын бизнесіне қайшылығы және ақша амалдарының шет елдерден қайтармауымен байланысты, құқық бұзушылықтарды тергеу және алдын-алу, анықтау саласындағы ықпалдастық және тәжірибемен алмастыруы бойынша Жұмыс тобы құрылды. Төрағалығы Қазақстан Республикасына бекітілген.

Жұмыс тобымен аталған саладағы ықпалдастығы бойынша жұмыс жоспары дайындалды. Осы жоспарға келесідей іс-шаралар:

- ойын бизнесін реттейтін заңнамалық және басқа да нормативті құқықтық актілері;

- заңсыз ойын бизнесі саласында (ЗОБ), соның ішінде құмар ойындарының Интернет-ресурстарында қылмыстарды тергеу, ашу, анықтау бойынша әдіснамалық оқу құралдары (ұсыныстар);

- олардың әрекетінің нәтижесі туралы мемлекеттік статистикасы, ОБ кәсіпорындары елдерінде тіркелгені туралы статистикалық мәліметтері (болуы кезінде);

- ЗОБ деректерін анықтау туралы құқық бұзушылық органдарының жұмыс нәтижелері туралы;

- ЗОБ деректерін анықтау бойынша жұмыстарының қорытындысы бойынша анықтамалық ақпараты (шолулары);

- ОБ саласында заңсыз әрекетін жасауының жаңа анықталған тәсілдері туралы ақпараты;

- қылмыс іздерін зерттеу және алу, жазу, анықтау бойынша тәжірибелік көмегін көрсету;

- трансшекаралық қылмыстарын ашу мақсатында, сонымен бірге заңсыз ойын бизнесімен байланысты, құқықбұзушылықтарын тергеу және алдын-алу, анықтауына бағытталған арнайы операциялар мен кешенді бірлескен жедел-іздестіру, профилактикалық іс-шараларын өткізуі;

- Ресей Федерациясының қылмыстық тәжірибесімен танысуы;

- Қырғыз Республикасының қылмыстық тәжірибесімен танысуы;

- қылмыстық істерді тергеу кезінде, сонымен бірге тексеріс материалдарын қарастыруы барысында (қылмыстық істі қозғауына дейін) пайда болған басқа да мәселелері бойынша және сертификация мәніне ОБ үшін жабдықтарды зауыт-өндіруші бойынша мәселелерін талқылауы;

- ТМД-да әйгілі және ірі «Покер Дом» покерлік клубы туралы пікірлер мен материалдарымен алмасу (ТМД кеңістігінде әрекет етеді, сайты бар, еркін құмар ойынында ойнай алады, шотты толтыра алады, ақша амалдарын шығара алады) бойынша материалдарды жолдау енгізілді.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)