Жарияланған күні: 16.04.2018 18:26
Өзгертілген күні: 16.04.2018 18:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Электрондық сауда бойынша салықтық әкімшілендіруді жүргізу үшін, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тауарларға қолма-қол ақшасыз төлем туралы ақпарат беруге міндетті

          

Мемлекеттік кірістер комитеті, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінде белгілі бір шарттарды сақтағанда тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және мемлекеттік органдарда тіркелген салық төлеушілерге салықтық жеңілдіктер беріледі деп хабарлайды. Бұл салықтық жеңілдіктер, тек анық шарттардың сақталған жағдайында ғана қолданылады.  Міндетті шарттардың бірі тауарларға қолма-қол ақшасыз төлем жасау болып табылады.

Салықтық әкімшілендіру мақсатында банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тауарларға қолма-қол ақшасыз төлем туралы ақпарат беруге міндетті.

Бұл ретте Ұлттық пошта операторы болып табылатын тұлға, сондай-ақ, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылады, ал Ұлттық пошта операторы арқылы үстеме төлемді жеткізу үшін қолма-қол ақшамен тауарларды төлеген жағдайда төлемнің бұл түрі Қазақстан Республикасының төлемдер мен төлем жүйелер заңнамасына сәйкес тауарларға ақшасыз есеп айырысу ретінде болып танылады.

Сәйкесінше, егер салық төлеуші, электрондық саудамен айналысып және төленбеген төлем үшін Ұлттық пошта операторы арқылы тауарға төлем қабылдаса, онда мұндай салық төлеушілер салықтық жеңілдіктерді пайдалана алады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)