Жарияланған күні: 04.09.2018 18:58
Өзгертілген күні: 04.09.2018 18:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің  және алыс шет елдердің еркін (арнайы) экономикалық аймақтары» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді

 

Ақтау қаласында а.ж. 28-29 тамызда ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің  және алыс шет елдердің еркін (арнайы) экономикалық аймақтары» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

Іс-шара барысында Әзірбайджан Республикасы, Беларус Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы кеден қызметтері өкілдері, ҚР мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері, ҚР еркін экономикалық аймақты басқару компанияларының өкілдері және ЕЭА «Морпорт Актау» компаниясының өкілдері қатысты. Халықаралық сарапшы ретінде шақырылған Азия зерттеу орталығының Копенгаген бизнес-мектебінің профессоры - Арадхны Аггарвал ханым, өзінің логистикалық ЕЭА зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, өңірдің үдемелі дамуы, экономикалық салаларды қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестицияларды, технологияларды тарту және заманауи менеджмент, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті салаларды құру мақсатында құрылған 11 ЕЭА өз қызметін атқарады.

Еркін (арнайы) экономикалық аймақтар (логистикалық, порттық, ЕАЭО кеден шекара учаскелеріне толық немесе ішінара  сәйкес келетін) жағдайында жұмыс істеудің  практикалық  аспектілерін зерттеу және халықаралық тәжірибемен танысу, сондай – ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР «Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы» кодексінің енуіне байланысты және кедендік рәсімдердің қолданылуының бірқатар ерекшеліктері қарастырылған, ұлттық заңнамаға көптеген сілтемелері бар Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі бойынша еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімдерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу семинардың мақсаты болып табылды. Бұл жаңа еңгізулер кедендік процестерді жеңілдету және жеделтету, әкімшілік кедергілерді азайту және электронды декларацияларды енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Кедендік бақылауды ұйымдастыру және кедендік операцияларды жетілдіру жөніндегі жұмыстар, сондай – ақ осы аймақтардағы салық және кедендік жеңілдіктерді қолдану тәртібі туралы, ЕАЭО кодексі шарттарында еркін кедендік аймақтық кедендік рәсімдерін қолдану тәжірибесімен РФ ФКҚ Елабуж кедендік постының бастығы - Ковалев А.В., Беларус Республикасының МКК кедендік декларациялауды ұйымдастыру және тауарларды шығару бөлім бастығының орынбасары - Тыманович Е.В., Қырғызстан Республика Үкіметінің МКҚ КБҰ басқармасының кедендік рәсімдер бөлімінің бас инспекторы - Бердибеков А.У., Өзбекстан Республикасының МКК кедендік төлемдер басқармасының қызметкері - Пардаев И.Г. Азербйджан Республикасының ЕЭА құру және дамыту перспективалары туралы МКК ККҰБ бөлім басшысы - Наджафли Д. бөлісті.

"Атамекен" ҰКП Кедендік әкімшілік департамент директорының орынбасары Ансарова И.Ы. ҚР ЕЭА жұмыс істеудің құқықтық акпектілері туралы хабардар етті.

Семинарды дайындауға және өткізуге белсенді түрде қатысқан ҚР ҚМ МКК Кедендік әдіснама департаменті қызметкерлері: семинарға қатысушы және модератор ретінде КРӘДБ басшысының орынбасары Сергазиев Т.А., және  КРӘДБ бас сарапшысы Көптілеуова Ж.Ж., КББ бас  сарапшысы Есенбаев А.Р.

Барлық тыңдаушыларға семинарға  қатысқандығы туралы сертификат табысталды. Семинар қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілді, сауалнаманы өндеуде семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сарапшылардың жоғары даярлық деңгейін және семинар тақырыбы бойынша қатысушылардың білім деңгейлері артылғанын көрсетті.

Барлық қатысушылар ЕЭА қызмет жасау саласында ары қарай ынтымақтастықты дамыту бойынша келісті байланыс жасау және проблемалық мәселелерді талқылау мүмкіндігін алу мақсатында осындай іс шараларды өткізу қажеттілігін айтып өтті.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)