Жарияланған күні: 29.01.2019 17:08
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:36

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына радиациялық жағынан қауіпті жүктің өтуіне жол берілмеді

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына енгізуде радиациялық фонның шектен асуын алдын алды.

2019 жылы 25 қаңтарда «Майқапшағай» кеден бекетінде ҚХР-нан «ұсақтауға арналған керамикалық шарлар» әкелуде  автоматты «Янтарь-1А» радиациялық бақылау жүйесімен радиациялық фонның деңгейі 3,4 есеге асқаны айқындалды.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған тауарды  тасымалдаған жеті автокөлік құралы,  жалпы салмағы 158875 кг  жүкті тез арада ҚХР  аумағына кері қайтарылды.

Кеден бекетінің техникалық жабдықталуының арқасында, қызметкерлер біздің еліміздің аумағына радиациялық қауіпті жүктің әкелуіне бірнеше рет тосқауыл  қойды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)