Жарияланған күні: 07.03.2018 13:43
Өзгертілген күні: 07.03.2018 13:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

 

Мереке құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиналыс ұжымның ерлер қауымы тарапынан әйелдерге деген жылы құттықтау сөзін білдіру үшін орынды себеп болды.

Қазіргі заманғы қазақстандық әйелдер бейнесі табиғат сыйға берген ең үздік қадір-қасиетке толы. Бүгін ол өмірдің әртүрлі саласындағы жоғары кәсібилікпен, қиын жағдайда жауапты шешім қабылдай білу және әрине отбасындағы қазіргі заманғы салтты орнықтыруға ерекше аналық көзқараспен толықтырылды.    

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс істейтін әйелдердің қиын және жауапты еңбектеріне қарамастан, олар бұрынғыдай қамқор ана және адал жар, сенімді достар мен әріптестер. Олар қоршаған әлемді өздерінің жылылығы және нәзіктігімен жылыта отырып, үй ошағын сақтайды және отбасылық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа қалдырады, өмір сыйлайды.

Осы күні ерекше алғыс лебіздер ардагер әйелдерге де айтылды.

Кездесу ұжымның ерлер қауымымен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды. Осы көктем мерекесінде айтылған әуезді әндер, көңілді көріністер, мәнерлеп оқылған өлеңдер тамаша көңіл-күймен қуаттандырып, көктемнің жайдарлы күндерінің жақындағанын сезіндірді.  

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)