Жарияланған күні: 26.06.2018 18:58
Өзгертілген күні: 26.06.2018 19:42

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Қазақстан ЭЫДҰ көпжақты Келісіміне қосылады

 

2018 жылдың 26 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.М. Теңгебаевпен құзыретті органдардың қаржылық есеп-шоттар туралы ақпаратпен алмасу туралы көпжақты келісіміне (Көпжақты келісім) қол қойылды.

Көпжақты келісім Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
26 желтоқсандағы № 267-V Заңымен ратификацияланған «Салық салу мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы» Конвенцияның (Страсбург конвенциясы) 6-бабына негізделеді және қаржы есептілігінде автоматтандырылған ақпарат алмасудың бірыңғай стандартын енгізуді қарастырады.

Жалпыға бірдей ақпаратпен алмасу стандарты (CRS) заңнама шеңберінде салық сомасын төмендету мен салық төлеуден жалтару әрекеттерінің алдын алу және салық ережелерін сақтауды жақсарту мәселелерін шешу үшін G-20 елдерінің қатысуымен ЭЫДҰ-мен әзірленді.

Көп жақты келісімге қосылу Қазақстан Республикасының резиденттерінің күнтізбелік жылдың аяғында шетел валютасындағы қаражат шоттарындағы теңгерімдер туралы ақпаратты автоматты режимде алуға мүмкіндік береді.

Алынған ақпарат қазақстандықтардың табысын сапалы әкімшілендіруді  жүзеге асыруға мүмкіндік береді, капиталдың елден шығуының алдын алу үшін тиімді механизм болады деп күтілуде.

Қазақстан алғашқы автоматты ақпарат алмасуды 2020 жылдың қыркүйегінде жүзеге асыруды жоспарлауда.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)