Жарияланған күні: 04.07.2018 15:19
Өзгертілген күні: 04.07.2018 15:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік сап құру шарасын өткізді

Бүгін, а.ж. 4 шілдесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік сап құру шарасын өткізді.

Аталған іс-шара барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев және Комитеттің Ардагерлер кеңесінің төрайымы Балжан Айтышқызы Сейілова құттықтау сөздерін жеткізді.

Комитет төрағасы Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің дамуын қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті. Жеке құрамға үлкен бақыт, зор денсаулық және табысты мансап сатысын тіледі. 

Ардагерлер кеңесінің төрайымы қызметкерлерге берік тыл және ұзақ өмір тіледі.

Сонымен бірге, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге салған күш-жігері және мемлекеттік кірістер органдарындағы мінсіз қызметі үшін Комитеттің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаментінің 1-ші Тергеу басқармасының басшысы Аскер Эльдарович Алиев пен Комитеттің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің 3-ші Жедел басқармасының басшысы Ерлан Әнуарбекұлы Базарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, жеке құрам арасында дауыс беру арқылы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау» номинациясы бойынша дипломымен Комитеттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бас сарапшысы – аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі Асулан Алдабергенұлы марапатталды.  

Әріптестерді жоғары марапаттарымен құттықтаймыз және олардың барлық бастамаларына жетістер тілейміз.

Қазіргі күні Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы экономика саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескертуге және анықтауға, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға, адал кәсіпкерлік субьектілерін қолдауға, сонымен қатар оң бәсекелестік үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

А.ж. 1 жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда анықталған ауыр қылмыстардың саны 504-тен 1 022 қылмыстық іске немесе 2 есе өскен.

Залалды өтеу үлесі де 48%-ден 83%-ға артқан. 58,3 млрд. теңге анықталған залалдың 35 млрд. теңгесі өтелген. Соттың рұқсатымен 13 млрд. теңгеден астам сомаға мүліктерге тыйым салынды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)