Жарияланған күні: 02.07.2018 12:22
Өзгертілген күні: 02.07.2018 12:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті Дүниежүзілік кеден ұйымының Саяси комиссиясының 79-сессиясына қатысты

 

2018 жылғы шілденің 25-і мен 27-і аралығында Брюссель қаласында (Бельгия Корольдығы) Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде ДКҰ-ның Саяси комиссиясының кезекті 79-сессиясы болып өтті.  Сессияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Орынбасары Ғосман Әмрин қатысты.

Саяси комиссияның отырысына ДКҰ-ның Бас хатшысы К.Микурия, сондай-ақ Саяси комиссияның қалған 23 мүшесі қатысты. Аталған іс-шарада ДКО секретариатының оның мүшелерінен электрондық сауда, сауданы жеңілдету шаралары, заңсыз каржы ағымы, қауіпсіздік сұрақтары, тиімділікті бағалау, ДКҚ-на жаңа мүшелердің қосылуы мәселесі бойынша ДКҰ қызметінің саяси реттелуін талап ететін мәселелер қарастырылды, ДКҰ-ның Бас хатшысының сайланбалы лауазымына кандидаттары сөз сөйледі, сондай-ақ Бас хатшының 2017/2018 қаржы жылдары бойынша ДКҰ-ның Стратегиялық және Оперативтік жоспарының іске асырылу деңгейі туралы есебі және келесі 2018/2019 қаржы жылдарына аталған жоспарлардың жаңа көрсеткіштері келісілді.   

Саяси комиссиясының 79-сессиясы барысында Ғ. Әмрин сөз сөйлеп, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде «Халықаралық сауда» индексі, ДЭФ ЖБИ-дің «Кедендік рәсімдердің ауыртпашылығы» сияқты әлемдік рейтингтермен қатар ДКҰ-ның «Тауарларды шығару уақытын зерттеу» тетігі негізінде қатысушы елдерді кедендік әкімшілендірудің тиімділігін бағалау бойынша ДКҰ-ның жеке тетігін құру және бекіту қажеттілігі туралы көкейтесті ұсыныс енгізді. Аталған іс-шарада қатысу Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастығын дамытудың оң динамикасын көрсетеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы ДКҰ-ның Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 129/130-сессиясында (2017 жылғы 14 шілдедегі №349 Шешімімен) екі жылға 2019 жылдың шілдесіне дейін Ұйымның Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланған.  Саяси комиссия Ұйымның негізгі органдарының бірі болып табылады, ол ДКҰ қызметінің бағыттарын, басқарудың көкейтесті мәселелерін, кеден ісі саласында халықаралық стандарттарды әзірлеуді айқындайды, ұйымның тиімділігін және кеден ісі саласындағы стратегиялық сипаттағы басқа да сұрақтарды бағалайды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)