Жарияланған күні: 17.04.2018 17:40
Өзгертілген күні: 17.04.2018 17:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

                                         

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлеріне

бизнес - үдерістерінің талдауы

 

2018 жылы 26 наурыз – 13 сәуір аралығында Алматы, Шымкент, Ақтау және Астана қалаларында Чарльз Стерт, Австралия Кедендік және акциздік оқыту орталығының бизнес – үрдістерінің және кедендік тәуекелдерді басқаруды талдау бойынша тренинг өткізілді.

Тренингтердің мақсаты – Мемлекеттік кірістер комитетінің кадрлық әлеуетін арттыру және кедендік тәуекелдерді басқарудағы австралиялық тәжірибені зерделейді.

Кедендік-акциздік зерттеулер орталығы – кедендік, акциздік және шекаралық менеджменттің жоғары мамандандырылған салаларында оқыту бойынша әлемдік жетекші орталық. Клиенттік база бүкіл әлемнің 180-нен астам елінің кедендік қызметтері мен жеке компанияларын камтиды.

Тренинг барысында транзиттік процедуралар сияқты бақылаудың басталу кезеңінен бастап, кедендік кезеңнен аудиторлық сатыдан бастап, кедендік тұрақтылық пен тарифтік жіктеуді бақылауға, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға, кедендік талаптарды сақтауға қатысты негіздер  стандартттарын, ұйымдық құрылымды, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін мониторингтеу және т.б. сұрақтар қарастырылды.

Тренинг GIZ Германиялық халықаралық ынтымақтастық қоғамы бағдарламасы «Орталық Азияда сауданы жеңілдету» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы қолдауымен ұйымдастырылды. Оқытуда Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппарат, оқу-әдістемелік орталық және барлық облыстардың аймақтық бөлімшелері қатысты.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)