Жарияланған күні: 18.07.2018 16:42
Өзгертілген күні: 18.07.2018 16:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдаманы талқылау туралы

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметін (бұдан әрі - ЭТҚ) Қаржы министрлігінің   (бұдан әрі - Министрлік) дербес ведомствосы етіп бөлуге қатысты нұсқау берген.                    

Осыған байланысты, экономикалық тергеу қызметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама (бұдан әрі - Заң жобасы) әзірледі.

Заң жобасын қабылдау мақсаты:

- ЭТҚ мемлекеттік кірістер органдарының құрамынан шығару;

- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау қызметінің мәртебесін, тиімділігін арттыру мақсатында Министрліктің дербес ведомствосын құру;

- мемлекеттік кірістер органдарының фискалдық блогына қатысты құқық қорғау кызметін жүзеге асыру барысында әрекетсіздік немесе уақытылы шараларды қабылдамау тәукелін болдырмау.

Сонымен қатар, криминалистикалық бөлімшелердің арнаулы мамандары ретінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары мен өкілеттігі және оларды кеңейтуге бағытталған басқа да түзетулер айқындалған. Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жоғары біліктілік сыныбы тізбесінде жоғары басшылық құрамының лауазымын ескеретін ЭТҚ-нің және оның басшылық құрамының мәртебесін көтеру мәселелері де қарастырылған.

Бұдан басқа, қашықтық мониторинг және мемлекетке залал келтіретін тәуекелді кәсіпорындардың құқыққа қайшы қызметінің жолын дер кезінде кесу мақсатында ЭТҚ ақпараттық жүйелерді қолдануға бағытталған, сондай-ақ ЭТҚ қылмыстық процеске адал кәсіпкерлерді тартпау мәселелері жөнінде   басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу талап етіледі.

 

Министрліктің дербес ведомствосын құру үшін кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулерді енгізуді топшылайтынын ескере отырып, Тұжырымдама әзірленді.     

Тұжырымдаманы қоғамдық талқылау «Электрондық үкімет» https//:Iegalacts.egov.kz интернет-ресурсы арқылы мүмкін болады: «Құқықтық көмек» – «Тұжырымдама» – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасына Тұжырымдама санаты.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)