Жарияланған күні: 06.02.2019 18:29
Өзгертілген күні: 25.02.2019 14:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстанда дара кәсіпкерлікті 3 күнде жабуға болады

 

Дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін тоқтатудың жеңілдетілген тәртібі. Бұл нені білдіреді және дара кәсіпкерлер үшін қандай артықшылықтары бар?

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 67-бабына сәйкес, дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату камералдық бақылау жүргізілместен, салықтық тексеріссіз көрсетілген әдістердің бірі негізінде:

1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің;

2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеушісі ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын (бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді), бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді, алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді, ойын бизнесiн, ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді);

4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ;

5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ.

 

Бірінші әдіске тоқталайық:

Егер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданса, дара кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарына беруге тиіс:

1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші;

2) тарату туралы салық есептілігі;

3) бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салықтық өтініші  (бар болса).

 

Екінші әдіс:

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патенттің құнын есептеу туралы салықтық есебінде қамтылған жазбаша келісім негізінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіні тіркеу есебінен келесі жағдайларда шығарады:

- патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын ұсынбаған;

- салықтық есептілікті ұсынуды  тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін салықтық есептілікті ұсынудың белгіленген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкерлер қызметі оңайландырылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдары тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру, оның ішінде дара кәсіпкерлердің камералдық бақылау жүргізбестен, салықтық тексеріссіз оңтайландыру бойынша тиісті шараларды қабылдағанын атап өтеміз.

Осы бағытта жасалып жатқан жұмыс, сөзсіз, салық органдарында кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың қиындығы туралы пікірін жоюға мүмкіндік береді.  

Инфографиканы осында көре аласыздар.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)