Жарияланған күні: 10.07.2019 18:04
Өзгертілген күні: 30.07.2019 09:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

10 шілде 2019 ж.                                                                                                     Нұр-Сұлтан қ.

 

ҚАЗАҚСТАНҒА 800 ЛИТРГЕ ЖУЫҚ ЗАҢСЫЗ АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН АЛЫП ӨТУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2019 жылдың 8 шілдесінде шұғыл іс-шаралар барысында Ресей Федерациясынан Қазақстанға «Қайрақ» автокөлік өткізу бекеті арқылы алкоголь өнімдерін алып өту әрекетінің жолын кескен, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.   

 

Құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ.

Барлығы құны 1,5 млн. теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды. Жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып сотқа жіберілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)