Жарияланған күні: 13.02.2018 15:34
Өзгертілген күні: 13.02.2018 15:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Кедендік декларациялау

 

100 қадам  Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, Сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясының (БҰҰ ЮНКТАД) көмегімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті енгізген, «АСТАНА-1» АЖ-де «Экспорт-10» кедендік рәсімі бойынша декларация тапсыру және тауарларды шығару бөлігінде «Кедендік декларациялау» жүйесі іске қосылды.

«АСТАНА-1» АЖ сауданы жеңілдету жөніндегі ДСҰ Келісім талаптарына және  ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының жаңа кеден заңнамаларына сәйкес әзірленген.

Интеграцияланған тариф және форматты-логистикалық бақылау нақты уақытта деректердің толық енгізілуіне тексеруді жүзеге асыруға, кедендік төлемдер мен салықтарды автоматты түрде есептейді және өндіруді жүргізуге мүмкіндік береді.

«АСТАНА-1» АЖ-да декларацияны автоматты тіркеу және жасыл дәліз бойынша декларацияны автоматты шығару мүмкіндігі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары (СЭҚҚ) мен мемлекеттік кірістер  органдарының қызметкерлері  арасындағы тікелей байланысты азайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдердің төмендеуіне оң ықпал етуге мүмкіндік береді.

Жүйелердің көп функционалдығына және бірнеше ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформамен ауысуына байланысты,
«АСТАНА-1» АЖ кезең-кезеңмен енгізіледі.

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында 8,5 мың тауар декларациялары тіркелген, оның 99,4%-і бір минутта жүйемен автоматты түрде шығарылған.

49 декларация тәуекелдерді бағалау жүйесімен кедендік бақылау жүргізу үшін іріктеліп алынды.

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап, «АСТАНА-1» АЖ-де қалған кедендік рәсімдерді кедендік декларациялауды ендіру жоспарланды.

Комитетпен СЭҚ қатысушыларымен бірге қалған рәсімдерді тестілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пайдаланушылардың өтінімдеріне уақытылы жауап беру мақсатында Tеlegram әлеуметтік желісінде чат құрылды, онда барлық тілектер мен ұсынымдар назардан тыс қалмайды, ал проблемалық мәселелер арнайы құрылған жұмыс тобының сарапшыларымен жедел түрде өңделеді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)