Жарияланған күні: 13.02.2019 19:09
Өзгертілген күні: 25.02.2019 14:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Кинологиялық орталықта оқу-тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды

 

Табиғи апаттар - бұл адам мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, төтенше жағдайлар тудыратын табиғи құбылыс. Табиғат күштерін бағындыру әлі адамзат баласының қолынан келмейді және мемлекет пен халыққа үлкен зиян келтіреді. Жер сілкінісі - ең қауіпті апаттардың бірі.

Өкінішке орай, табиғи апаттардың алдын алу мүмкін емес, бірақ олар үшін дайын болу және дұрыс әрекет ету керек және қажет.

2019 жылдың 13 ақпанында ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының базасында кезекшілік қызмет бөлімімен «Жер сілкінісі кезінде Кинологиялық орталық қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбында азаматтық төтенше жағдайлар мәселелері бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді.

Теориялық оқыту сабақтарын жүргізу барысында қызметкерлерге жер сілкінісі жағдайында мінез-құлықтың негізгі ережелері мен эвакуация ережелері туралы ақпарат берілді.

Тәжірибелік сабақ барысында жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі кезеңде зақымдану қаупін азайту үшін қажетті әрекеттер анық көрсетілді. Әр бөлменің қауіпсіз жерлерінде, сондай-ақ ашық кеңістіктерде жұмыстар жүргізілді.

Жер сілкіністері адамдар мен жануарлардың өліміне сирек әкеледі. Әдетте, жер сілкінісінен зардап шегетіндердің негізгі себебі қосымша оқиғалар: ғимараттардың құлауы, өрттер, цунами (теңіз сейсмикалық толқындары) және вулкандар. Оқу-тәжірбиелік сабақтар, сондай-ақ ерте хабарлау жүйесін жетілдіру және халықты эвакуациялау жер сілкінісінің зардаптарын елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)