Жарияланған күні: 26.02.2018 11:18
Өзгертілген күні: 26.02.2018 11:21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Тұжырымдама жобасының «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында орналастырылғаны туралы

 

Ағымдағы жылғы 21 ақпан күні «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Тұжырымдама жобасы жарияланған.

Заң жобасын әзірлеу мақсаты Елбасының Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымның үшінші сессиясының ашылуында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру бойынша заңнамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сондай-ақ жалпы дәрменсіздік жүйесінің тиімділігін жоғарылату болып табылады.

Үкіметтің заңжобалау жұмысының 2018 жылға арналған жоспарында тиісті Заң жобасын әзірлеу қарастырылған.

Заң жобасымен көзделген негізгі тұжырымдамалық өзгерістер:

1)   кәсіпкерлік субъектілерінің төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг жүргізу жүйесін енгізу (барлық бизнес субъектілері тарапынан өздерінің төлем қабілеттілігі туралы есепті міндетті түрде ұсыну);

2)   оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін баланстік өлшемдер енгізу (теріс баланс кезінде (міндеттемелер активтерден асады) – банкроттық рәсімін қолдану, оңды баланста және төлемсіздік төну шартына сәйкес болған кезінде – оңалтуды қолдану);

3)   кредиторлар жиналысы құзыретіне кіретін бірқатар функцияларды кредиторлар комитетіне табыстау арқылы банкроттық рәсімін өткізу мерзімдерін қысқарту;

4)   әрекет жасамайтын борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамай таратудың жеңілдетілген тәртібін енгізу;

5)   әдейі, жалған банкроттық үшін кінәлі жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздерді анықтау тәсілдерін өзгерту;

6)   банкроттықтың нақты бенефициарларының (атап айтқанда олардың әрекеті нәтижесінде кәсіпорын банкрот болған тұлғалардың) субсидиарлық жауапкершілігін белгілеу қарастырылатын болады.

 

 ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)