Жарияланған күні: 20.01.2019 18:15
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:22

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М. Сұлтанғазиев  Қырғыз Республикасының кеден және салық қызметтерінің төрағаларымен қызметтердің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

 

2019 жылғы 19 қаңтарда Қордай кентінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М. Сұлтанғазиевтың Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы     А. Онолбековтың және Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Т. Абжапаровпен екіжақты кездесулері өтті.

Қазақстандық тарапттың бастамашылығымен 2017 жылы 2 желтоқсанда бекітілген Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасы, сондай-ақ шекаралық, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілік саласындағы ынтымақтастық бойынша Жол картасының орындауы туралы нәтижелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулері өтті.

Кедендік әріптесімен кездесу барысында кедендік қызметтерге жүктелген Жол картасының шаралары талданды және талқыланды.

Атап айтқанда, «Қорғас», «Қалжат», «Алакөл» автожолдарында ЕЭО кеден шекарасының қазақстандық-қытай учаскесінде, атап айтқанда, «Алтынкөл», «Достық» темір жол өткелдерінде және Алматы қаласындағы кедендік тазарту орталықтарында және, сәйкесінше, ЕЭО Торугарт, Иркештам кеден шекарасының қырғыз-қытай учаскесінде орналасқан және кедендік ресімдеу пункттерінде, кедендік бақылауды жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері талқыланды. Тараптар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізудің жоқтығын атап өтті.

Бұдан басқа, тараптар ҚХР-дан әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептерді тыңдады, Қазақстан Республикасының ұлттық есеп жүйесінің жұмыс істеуі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына Қытай Халық Республикасынан әкелінетін тауарлар импортының динамикасын талдау нәтижелерін талқылады.

Салық органдары басшыларының кездесу барысында салықтық әкімшілендіру аясындағы Жол картасының шаралары талқыланды.

Жол картасының 4 тармағы бойынша тараптар ұлттық есеп жүйесінің жұмысы бойынша есепті тыңдады.

Жол картасының 10-11 тармақтарын орындау үшін қызметтер арасында екіжақты экономикалық ынтымақтастық және салықтық әкімшілендіру жоспарының жобасы, экспортталатын тауарлар туралы ақпаратпен алмасуға бағытталған, тауарлардың бағасы мен баға саясаты туралы ақпарат алмасуы талқыланды.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара саудада тауар импортын / экспортын басқару мәселелерін қарады.

Кездесу соңында қызмет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады және жұмыс кездесулерінің хаттамасына қол қойды.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)