Жарияланған күні: 20.03.2018 18:08
Өзгертілген күні: 20.03.2018 19:31

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарынызға Жеңіс  даңғылы  11  мекен-жайында  орналасқан «Қаржы министрлігі» үшін Трансформаторлық подстанциясы құрылысының аяқталуына және іске қосуына байланысты 2018 жылғы 24 наурыздағы сағат 9:00-ден 11-ге дейін және 2018 жылғы 25 наурыздағы сағат  12:00-ден 14:00-ге дейін электрмен қамсыздандыруы өшірілетінін хабарлайды. Осыған байланысты,  аталған уақыт аралығында ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелері уақытша  қол жетімсіз болады.

«Акциз» АЖ және «ХКЖЖ» АЖ жұмыстарды жүргізудің барлық уақыт аралығында, яғни  Астана қ. уақыты бойынша 2018 жылдың 24 наурызда 9:00-ден 25 наурызда 14:00-ге дейін қол жетімсіз болады.