Жарияланған күні: 14.06.2018 19:17
Өзгертілген күні: 14.06.2018 19:27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қ.                                                                                                                                                                                      14.06.2018ж.

 

Баспасөз-релизі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің 2018 жылдың 5 айы бойынша жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

 

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 маусымында, Мемлекеттік кірістер комитетінде Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерден Жұманың қатысуымен
2018 жылдың 5 айы бойынша Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс қорытындысы туралы брифинг өтті.

Салық, кеден құрылымдарын және экономикалық тергеу қызметін біріктіру құқық бұзушылықты талдау жолымен анықтауға мүмкіндік берді, мемлекеттік органдардың деректер қорын қолдану, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласпай, басқа ақпарат көзін ашу, оларды дер кезінде анықтау үшін көлеңкелі схемаларды жасауға жол ашты.

Осылайша, Қызмет қылмыстық әрекет белгілерінің бар болуы немесе болмауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін қажетті ақпарат көлемін қашықтан жинай алады және тек осылардың негізінде тексеріске бастамашылық ету туралы шешім жасайды.

Қазіргі уақытта Қызметіміздің жұмысы құқық тәртібі мен заңдылығын қамтамасыз ету деңгейін арттыруында, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жолымен, заңдарды қатаң сақтауында болып жатыр.

Қабылданған шаралар және өзара ұйымдастырудың тиісті нәтижесінде қызметтің негізгі басым бағыты бойынша жедел тергеу тәжірибесі жақсарды.

Осылай, 2017 жылдың 5 айының қорытындысымен салыстырғанда ауыр қылмыстарды анықтау 2 есеге өсті, 22%-дан 52%-ға дейін (405-тен 828-ге дейін).

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір мезгілде өтелетін зиян 35%-дан 77%-ға дейін көтерілді.

28,3 млрд. теңге анықталған залалдан 12,8 млрд. теңге өтелді. Соттың санкциясымен 9 млрд. теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынған.

Өз кезегінде ақтау негіздері бойынша тоқтатылған қылмыстық істердің саны қысқарды, 401-ден 358-ге дейін, сотқа дейінгі тергеп тексерудің үзілген мерзімдерімен істердің саны 2,5 есе қысқарды.

Жалған шот-фактураны түсіру фактілерін анықтау туралы жұмыс тиімділігі күшейтілген. Аталған санат бойынша анықталған қылмыстардың саны 4 есе (40-тан 154-ке дейін), олардың ішінде аса ауыр қылмыстар бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 6 есеге көп тіркелген (23 іске қарсы 143).

Салық төлеуден жалтару фактілері бойынша ұқсас жағдай анықталған ауыр және аса ауыр қылмыстар саны көрсетілген санатта 2 есеге 55-тен 110-ға дейін өскен.

Мемлекеттік сатып алу саласында және квазимемлекеттік секторда жымқыру фактілері бойынша 762 қылмыстық іс өндірісте болып, оның ішінде 330 іс немесе өндірісте болғандардан 43% аяқталды.

Нәтижесінде, бірқатар ірі компаниялар бойынша салықтарды төлеу және мемлекеттік қаржыны жымқыруға жол берілмеді.

2018 жылдың аталған мезгілінде жалған ақша жасау фактілері бойынша 75 қылмыстық іс тіркелген. Ақшалай айналымнан жалпы 5,5 млн. теңге сомасында 922 жасанды ұлттық валюта, сондай-ақ 6,3 млн теңгеден жоғары сомаға 73 дана шетел валютасы алып тасталынды.

Жалған ақша белгілерін жасау бойынша 2 астыртын цех қызметінің жолы кесілді.

Заңсыз алкоголь өнімдерінің айналымы саласында жедел жолмен алкогольді өнімдер әзірлеген 14 жасырын цехтың жолы кесіліп, 2 млн. 700 мың астам жалған есепке алу-бақылау маркалары, 6 млн. 161 мың 575 шөлмек есепке алынбаған алкогольдік өнімдер мен 30 мың 634 литр спирт алынды.

Жедел ақпараттардың және сақ азаматтардың көмегімен 7 астыртын казино, 25 электрондық казино және басқа да 238 терминалдардың жолы кесілді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)