Жарияланған күні: 23.10.2018 10:24
Өзгертілген күні: 23.10.2018 10:25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының ресми ашылу күніне орай «Білім аллеясы» отырғызылды 

 

2018 жылдың 19-шы қазанында ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының қызметкерлерімен және қазіргі таңда орталық аумағында оқытылып жатқан Мемлекеттік кірістер департаменттерінің кинолог-мамандарымен қалыптасқан дәстүр бойынша ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл іс-шара (17 жыл) орайластырылды. Іс-шара жаңа оқу курсының басталуымен сәйкес келуіне байланысты, сонымен қатар Кинологиялық орталығы курсанттарының өз білімдерін жетілдіретін мекеме болғандықтан, жаңа аллеяны «Білім аллеясы»  деп атауға шешім қабылданды.

Ағаш отырғызу дәстүрге айналған, сол себепті мұндай іс-шара жалпы оң көңіл-күй туғызады, сондай-ақ бұл жағдайда әрбір кинологқа ерекше мақтанышпен және қамқорлықпен өз ағашын отырғызуға, орталықтың көгалдандынуына өз жылуын қосуға мүмкіндік берілді.

Отырғызылған жас ағаштарға жайлылық сыйлай отырып айналамыздағылардың көзін қуантып, ал кинологтарымызға өз білімдерін арттырып өсуге және туған еліне пайдасын тигізуге тілек білдіргіміз келеді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)