Жарияланған күні: 21.11.2017 17:04
Өзгертілген күні: 21.11.2017 17:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Кедендік саясаттың мақсаттарының бірі кедендік бақылау құралдарын барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.

Кедендік бақылау жүйесінің маңыздылығын сыртқы экономикалық қызметтің кедендік әкімшілендіруге байланысты бизнес шығындарын елеулі жоғарылатусыз кедендік бақылау сапасын айтарлықтай арттыратын кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдары атқарады. Мұндай амалдарға, ең алдымен инспекциялық-тексеру кешені жатады (ИТК).

Байланыссыз тексеру – тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу үшін тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

ИТК көмегімен алынған тауарлар мен көлік құралдарының рентгендік кескіні тасымалданатын тауарларды айқындауға және кеден заңнамасын бұза отырып ауыстырылатын обьектілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ең алдымен ИТК көмегімен өткізетін маманнан, іздеу жөніндегі кәсіби  білім және тыйым салынған заттарды табу,сондай-ақ контрабандаға қарсы кэштерді анықтау әдістері мен амалдарын білу қажет етіледі.

Осылайша, СЭҚ қолдану тиімділігін қамтамасыз етудің басты міндеттерінің бірі имидждік талдаумен айналысатын ИТК операторларының кәсіптік даярлық деңгейін үнемі жетілдіру қажеттілігі, себебі сыртқы экономикалық қызметтің абайсыз қатысушылары кедендік бақылауды күшейту бойынша қабылданған шараларға тез жауап береді.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы (ары қарай - ОӘО) инспекциялық тексеру кешені болып табылатын  «NUCTECH» қытай компаниясымен бірге, а.ж. 20-21 қараша күндері «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы өткізу пунктерінде интраскопиялық технологияны пайдалану» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты тауарлардың қозғаласын бақылауды қамтамасыз ету, қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау үшін интраскопиялық әдістерін қолдану және сканерлеу құралдарымен жұмыс істеу үшін мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Семинардың негізгі оқытушылары ретінде «NUCTECH» қытай компания өкілдері және қосымша баяндамашылар ретінде: Байкасинов Даулет Аипович - ҚР ҚМ МКК Интеграция бақылау және кедендік инфрақұрылым басқармасының бас сарапшысы, Айтжанов Дюсенали Айтжанович – ҚР ҚМ МКК ОӘО бас маманы баяндама жүргізді.

Тыңдаушылар ретінде семинарға мемлекеттік кіріс органдарының аймақтық бөлімшелері, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК ОӘО қызметкерлері қатысты.

Семинардың сәтті өткендігі туралы барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Семинардың қорытындысы бойынша сауалнама жүргізіліп, талдау нәтижесінде  семинардың жақсы ұйымдастырылғандығы  және сарапшылырдың жоғарғы дайындық деңгейі көрсетілді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)