Жарияланған күні: 25.08.2016 18:28
Өзгертілген күні: 26.08.2016 18:27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛІЗІ

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік Оқу орталығының жұмыс ұйымдастыру бөлімі а.ж. 25-26 тамызы аралығында Астана қаласында «Кедендік құның бақылау, соның ішінде ннтеллектуалды меншіктің объектісін пайдалануына байланысты лицензиялық және соған ұқсас төлемдерді қосу (патент төлемдерді, тауар белгілерді, авторлық құқықтарды қоса). Сондай төлемдерді тауарлардың кедендік құнына қосу бойынша дүниежүзілік тәжірибесі» тақырыбында халықаралық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалардың білім деңгейін арттыру, соның ішінде кедендік құның бақылау және кедендік баждар мен салықтардың түсімдерін артыру.

Дәрісті жүргізетін Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшысы Ян Кремер (Ian Cremer). Сонымен қатар семинарға «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылған.

Кедендік құны мен оны анықтайтын мәліметтер нақты, санын анықтайтын және құжатпен дәлелденетін ақпараттарға негізделу керектігін айта кеткені жөн. Осыған орай, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері сыртқы экономика қызметі аясында үзіліссіз білім алуға және білімдерін арттыруға үлкен назар аударады. 2014 жылы ЕО/БҰҰДБ/БОМКА Бағдарламаларымен және Аймақтық экономикалық ынтымақтастық бойынша USAID жобасымен бірлесе «Тауарлардың кедендік құнын анықтау және бақылау реті» тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырылған. 

Семинар барысында тауарлардың кедендік құнын анықтау, шарртарға/келісімшарттарға сәйкес емес әкелінген тауарлар, интеллектуалды меншік объектілерін қолдануына байланысты лмцензиялық және т.б. ұқсас баждарды қосу сұрақтары қарастырылады.

 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі