Жарияланған күні: 22.05.2018 16:43
Өзгертілген күні: 22.05.2018 16:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «Ақпараттық жүйелерді оқыту «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» (СЕӨЖ), «Біріктірілген салық ақпараттық жүйе» (БСАЖ), «Орталықтандырылған бірыңғай жеке шот» (ОБЖШ), «Біртұтас мәліметтерді сақтаудың талдау есептерінің конструкторы» (БМС ТЕК) тақырыбында видеоконференц байланыс арқылы қашықтықтан техникалық оқу өтті.

Техникалық оқуға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері қатысты.

Негізгі дәріскер ретінде «Esepshi.kz» ЖШС өкілдері, сонымен қатар  ҚР ҚМ ММК салық бөлігінің қызметкерлері қатысты.

 Іс-шараның мақсаты – ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйе жұмыстарына  қатысты мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыреттілігін жетілдіру.

Қатысушыларға ОБЖШ жүйесінің таныстырылымы, «Жеке шотты қарау (ОБЖШ)» модулімен, «ҚҚС артықшылығын қайтаруды бақылау» (СЕӨЖ), «Тіркеу» (СЕӨЖ), «Арнайы салық режимдері және бөлек қызмет түрлері» (ОБЖШ), «Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдері, мұнай өнімдері, темекі бұйымдарына ілеспе құжаттар» (ОБЖШ), БМС ТЕК жүйесіндегі жұмыстар таныстырылды.

Іс-шара белсенді түрде, барлық қатысушылардың арасында қызығушылық танытумен өтті.

Оқу материалдары ftp.kgd.gov.kz. орналыстырылды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)