Жарияланған күні: 18.06.2018 18:54
Өзгертілген күні: 18.06.2018 18:55

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

ҚР ҚМ МКК Орталық аппаратының қызметкерлері 2018 жылдың 16 маусымында мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген қайырымдылық марафонына қатысты

 

Мемлекетіміз дене шынықтыру мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөліп келеді.

Елбасы атап өткендей: «Спортпен шұғылданатын адамдардың саны ұлғайып келеді, бұл – халықтың ішінде бәсекені арттырады,  тек дені сау, креативті, рухы күшті адамдар ғана елімізді әрі қарай дамыта алады».

Осы ұранды қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 16 маусымында мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен «Алға басу – движение вперед» Жалпыреспубликалық қайырымдылық марафоны өткізілді. Аталған марафонның ерекшелігі – бүкіл республика бойынша бір уақытта басталғаны болып табылады.

Марафонға, сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК Орталық аппаратының қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарды иеленді. ҚР ҚМ МКК ЭТҚ бас сарапшысы –аса маңызды істер бойынша аға офицер Шаяхметова Жаннар  мәреге алғашқы болып келіп, бірінші орынды қанжығасына байлады. ҚР ҚМ МКК ЭТҚ сарапшысы –офицер Исабек Дана екінші орынды иеленді.

Марафоннан кейін «Асық ату» ұлттық ойынынан жарыс өткізілді.

Осы жылы Қайырымдылық марафоны мемлекеттік қызмет бойынша уәкілетті органның құрылғанына 20 жыл толған тойымен сәйкес келді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)