Жарияланған күні: 09.04.2018 09:41
Өзгертілген күні: 09.04.2018 09:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ресей Федерациясының кеден қызметінің және Беларусь Республикасының, сонымен қатар  Сауда-өнеркәсіп палатасының сарапшы-практиктерін тартуымен ҚР МКК ҚМ Оқу-әдістемелік орталығы а.ж. 4-5 сәуір аралығы Алматы қаласында «Еуразиялық экономикалық Одақ шеңберінде Карнет АТА жүйесін қолдану ерекшеліктері» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

Астана қаласындағы  ЕҚЫҰ кеңсесі бағдарламасы  мен GIZ Германиялық халықаралық ынтымастық қоғамы бағдарламасы қолдауымен Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасымен бірге сыртқы экономикалық байланыстардың белсенді дамуына және тауарлармен қызметтер нарығына жеңілдетілген қолжетімділік рәсімдерін насихаттауға мүдделі. Карнет АТА жүйесі  көрмелер мен жәрмеңкелер шеңберінде тауарларды уақытша әкелуді және экспорттауды оңайлатуға және жеделдетуге, сондай-ақ тауарлық үлгілерді, кәсіби жабдықтарды және басқа да тауарлардың  шекарасы бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін механизмдердің бірі болып табылады. Осылайша, Карнет АТА кедендік декларацияны алмастыратын халықаралық кедендік құжат, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік рәсімдеу уақытын барынша азайтуға және кедендік алымдарды төлеу мен кедендік рәсімдеуге байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Семинардың міндеттері Карнет АТА рәсімінде тек мемлекеттік табыс агенттіктерінің қызметкерлерінің ғана емес, сонымен бірге бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінің біліктілігін арттыру болды, олар Карнет АТА-ны қолдану кедендік декларацияның уақытын және қаржы шығынын азайтатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Карнет АТА рәсімін жүзеге асыратын семинарға Кедендік қызмет және Қырғыстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы қызметкерлері қатысты.

Карнет АТА рәсімінде жұмыс тәжірибесімен (заңнамалық база, стандарттау қызметі, талап қою жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері, іс жүзінде пайда болған негізгі мәселелер және шешімдер) ҚР Ресей Федерациясының кеден қызметі Өкілдігінің өкілі бас маман-сарапшысы - Балясников С.А., Беларусь Республикасының Мемлекеттік Кеден Комитетінің кедендік декларациялау және тауарларды кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бөлімінің бастығы - Большакова Н.П., СӨП СЭҚ құқықтық қолдау бөлімінің меңгерушісі - Маянцев А.А., Беларусияның СӨП құқықтық басқармасының бастығы - Вабищевич В.В. бөлісті.

Барлық тыңдаушыларға семинарға сәтті қатысқандығы туралы сертификат табысталды.

Семинар қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілді, сауалнаманы өндеуде семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және сарапшылардың жоғары даярлық деңгейін көрсетті. Барлық қатысушылар Карнет АТА рәсімін одан әрі енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігін атап өтті.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)