Жарияланған күні: 29.10.2018 12:04
Өзгертілген күні: 29.10.2018 12:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Құпия ақпарат көздері және жасырын операцияларды жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

 

2018 жылдың 22-26 қазаны аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Қауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастық бөлімімен бірлесіп, «Құпия ақпарат көздері және жасырын операцияларды жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға тыңдаушылар ретінде ҚР ҚМ МКК-ің орталық аппараты және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде «CACI» Америка компаниясының нұсқаушылары Джон Мореман, Уильям Дионн, Теренс Сулливан қатысты.

Семинардың мақсаты - есірткінің заңсыз айналымы саласында  қылмыстарды тергеу  үшін  жасырын операцияларды жүргізуден алынған сабақтар мен  үздік тәжірибемен танысу.

Қатысушылар  есірткілер туралы заңдардың сақталуын қадағалау бойынша әкімшіліктің мақсаттары және тарихымен, жасырын операциялармен, құпия операциялармен, құпия ақпарат берушілер ұғымымен, құпия көздерін  басқарумен, сұхбат жасаудың әдістерімен,  сыртқы қадағалауды жүргізумен, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмір сүруін және қауіпсіздігін  қамтамасыз етумен және т.б. таныстырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.   Тыңдаушылар құпия ақпарат көздері және жасырын операцияларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз  қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)