Жарияланған күні: 16.03.2018 19:09
Өзгертілген күні: 16.03.2018 19:12

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитеті, келесіні хабарлайды.

Кедендік және салықтық әкімшілендіру Автоматтандырылған жүйесін, (бұдан әрі - «АСТАНА-1» АЖ) жаңа платформаға орналастыруына байланысты, сондай-ақ электрондық - цифрлық қолтаңба модулін (бұдан әрі - ЭЦҚ) іске асыру мақсатында 18.03.2018 ж., сағат 00 ден 00 минут аралығында жүйені жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Көрсетілген кезең ішінде «АСТАНА-1» АЖ  қолжетімді болмайды. «АСТАНА-1» АЖ тоқтатылу/өшіру уақыты шамамен 3 - 4 сағат.